< Ақсайдағы малшылардың жаңаша тұрмысы--حالىق تورابى--人民网
Бетті сақтау | Бас бет етү | Хабарласыныз | Біз туралы Жүңго коммунистік партясы ақпарат сайты    

СҮРЕТТІ ҚАБАР

Кескін



حالىق تورابى>>Қазақша>>Қоғам

Ақсайдағы малшылардың жаңаша тұрмысы

2013.08.29 13:18    



Жадыраған жаз, көрікті Ақсай сахарасында төрт түліктің семірген мезгілі, сахарадағы киіз үиде домбыра үні құиқылжиды. Жаңа аудан қалашығының теп-тегіс жолдары мен қатар-қатар тізілген қабат үилері жаңаша тірлікті көзге елестетеді.

Гансу өлкесіндегі Ақсай қазақ автономяилы ауданының көрінісі көркем, кен байлығы мол, ұлттық салт-сана ерекшелігі айқын, бұл арада ірге тепкен Қазақтардың күн көрісі күн санап жақсарып келеді. Осы арада тұратын мәлік есімді қарт: «Бұрын киіз үиде тұрушы едік, тұрмыс шарт-жағдайымыз онша жақсы емес, шипагерге көріну қолайсыз болатын. Бұл күндері су, жол, електр, сымды телевизор, телефон жане табиғи газ қатарлылар тұтастырылған аудандағы отырықтандыру түиініне орналастық, жыл сайын жайылымдық жерге қосымша қаражат аламыз, тұрмысымыз жақсы» , - деп әңгіме тиегін ағытты.

аймен атты Қазақ әйел Ақсай киіз үйлі дәмді тағамдар бақшасында үш жерден киіз үй тігіп, ұлттық тағамдар тижаратімен шұғылдануда, бұл арада қой еті, жылқы еті, қатық сынды Қазақы тағамдармен тамақтануға болады. Айменның айтуынша, ұлттық тағамдар бақшасын үкімет салған, жекелер тек басқару ақысын тапсырса болғаны осы арада тижарат жасауына болады, әр жылы сауда күсет болған кезде айтарлықтай кіріс кіргізуге болады.

2010 жылдан бастап Ақсай Жыңғылды қойнау қалашығының батысындағы құба дүзде ауыл шаруашылық үлгі районын құрып, кошып келген диқан- малшыларға томен бағада жалға берген. 48 жастағы Бақай коркейту районынан екі парник майға алып, коконс егумен айналысып, жыл сайын отыз-қырық мың юан кіріс кіргізеді екен. Ақсайда 270ке жуық малшы отбасы Бақай сяқты егімшілікпен айналыса бастаған. Қазыр жыңғылды қойнау ауыл шаруашылық коркейту районының жер ауданы 400 мудан астам, 126дан астам парник салынған, жыл сайын 3 миллён юаннан астам кіріс кіргізеді.

Бүгінгі таңда Ақсай ауданы қала мен ауыл бір тұлғаландырылған қоғамдық қамтамасыздандыру жүиесын, балалар бақшасынан толық ортаны тауысқанға дейын ақысыз оқытуды іске асырған. «Гансу газетінің» тілшісі Шың шуечин фотосі

келу қайнары: Халық торабы
жауапты редакторі : Нұрғиса Құрманжанұлы
 
   бұл хабарға бағаңыз
  • 1. Жұңхуа Халық Республикасының қатысты заң-ережелеріне бойсынып,торапта мөралды болыңыз, сіздің әрекетіңіз себебінен тікелей немесе жанамалай туындаған заңдық жауапкершілікті өзіңіз арқалайсыз.
    2.Қалам атыңыз бен жазған лебізіңізді басқарудың барлық ұқығы Халық Торабына тән.
    3.Халық Торабының сіздің Халық Торабының лебіз жазу бетіне жазған лебізіңізді торап ішінде көшіру немесе лебізіңізден ситат келтіру ұқығы бар.
    4.Егер басқару жағына пікіріңіз болса,лебіз жазу бетінің басқарушысына немесе Халық Газеті Мекемесінің Торап Орталығына аңыс етіңіз.