< Тұрсын Жұртбай: Абайдың ойы бүкіл адамзатқа ортақ--حالىق تورابى--人民网
Бетті сақтау | Бас бет етү | Хабарласыныз | Біз туралы Жүңго коммунистік партясы ақпарат сайты    

СҮРЕТТІ ҚАБАР

Кескін



حالىق تورابى>>Қазақша>>Сұхбат

Тұрсын Жұртбай: Абайдың ойы бүкіл адамзатқа ортақ

Сұхбаттасушы: Нұрғиса Құрманжанұлы

2013.05.30 16:56    



Тілші: балалық шағыңыз, жалынды жастығыңыз, ершімді еңбек жолыңыз бұл жақтағы бауырластарыңызды қызықтырады, өзіңіз жайлы сыр шерте отырсаңыз.

Тұрсын Жұртбай: жалынды жастық деп еске алатындай сонша бір салтанатты, буырқанып тұрған балалық шақты кешкенім жоқ. Бірақ, сол балалық шақтағы менің өмірге деген ықыласым, көзқарасым, дүниені қабылдау, әсерлену, ой қорыту сяқты ішкі рухани күиім менің кейінгі өміріме үлкен әсер берді деп ойлаймын. Егер сол күндерді ақыл санасынан, ой елегінен өткізсем, менің қалған өмірінің барлығы сол балалық шаққа тікелей қатысты және сол күндермен тікелей тамырласып жатады. Осы уақытқа дейін 30дан аса кітап шығардым, соның әр қайсысында балалық шақтан тамыр тартып жатқан бір үзік жіп, яғни, бір жүйке тамыр бар. Кейде ойлаймын: мен сол балалық шағымдағы жүйкемді жүйкелеп өмір сүріп жатқан сяқтымын. Ондағы дүниені қабылдау сезімдерім менің 30 жасқа дейін жазған «Жер бесік» роман-новелламда, «Қар астындағы көбелек» атты роман-новелламда толықтай қамтылды деп ойлаймын. Соның арасында «Жол шетіндегі бала», содан кейін, семейдегі Дегелең атом сынайтын полигоны туралы «Тарғыл тастар» деген екі шағын хикаят қана жазылмай қалды. Сол шығарма арқылы менің жан дүниемді толықтай түсінуге болады. Ал дүниені көркем ойлауға себепкер болған шығарма, әлі күнге дейін өзімнің көкейімнен кетпейтін Қазақтың «Қыз жібек» дастаны деп ойлаймын.

Мен шешеден ерте жетім қалдым, апайым бесінші сыныптан кейін мектептен қол үзді, бізді бағып, кір-қоңымызды жуып, тамағымызды істеу үшін. Ал Төлеу деген қарындасым бір жасында, емшектен толық қанып ембей жетім қалды. Сондықтан да өмірге бір мұңлы сарынмен, мұңлы жанермен қарайтын нәзік, қоңыр, сазды әуен ылғи да санамды, жүргімді билеп тұрады. Шешем дүниеден өтер кезінде, түн ішінде көзімді ашып қарасам, әкеммен бақұлдасып: «Әй Қүдакелді, мына үшеуін, о дүниеге барғанда, пайғамбардың ақ туының астында сенің қолыңнан аламын, саған аманат, осы үшеуінің қабағына кірбең түсірме» , - деп жатыр екен. Ойанып кеттім, сүицем апайым да тыңдап жатыр екен. Бірақ қоштасып алсыншы деп, екеуміз де үндемей көрпенің астына тығылып, бұғып жаттық. Осы бір әуен әлі күнге дейін есімнен кетпейді. Сол күні боран болатын, тәңертең қар тізеден аса жауған. Күн ашылды, сонда қарды белімнен омбылап отырып, шешемнің қайтыс болғаны туралы өзге жұртқа өзім естіртіп, хабарлап едім, сол бір әуендер менің көңіл-күиім болып алды. «Қыз жібекті» жатқа айтатынмын, әсіресе, қос обаның түбінде төлегенге жебе тиіп, әуеден ұшқан алты қәзбен қоштасатын жерін ылғи да жатқа айтып, жылап отыратынмын:
әуеден ұшқан алты қаз,
атайын десем оғым аз.
Қонар болсаң қонып кет,
міне майдан, міне саз, - деп, содан кейін елге ұшқан қаздардан анасына, әкесі Базарбайға, қарындасы Қарлығашқа сәлем айтып:
ерте туған көбеген,
Базарбай ұлы төлеген, - деп келіп, Сансізбаймен қоштасып:
«Қыз жібек менің жесірім, Сансызбай соны әмеңгерлікке алсын» деген жеріне келгенде, неге екенін білмеймін, өксіп жылайтынмын. «Мен бір атадан жалғызбын, мен егер өліп қалсам артта тұяқ қалмайды, не орнымды басатын Сансызбай жоқ» деп. Осы бір уайім мен ой мені тербетіп отырып, еріксіз көркем шығармаға алып келген сяқты. Ал алғашқы шығарманы жазуға итермелеген, Қазақстанның біздің толқындағы жазушыларының барлығының бесігі болған Бердібек Соқбақбайевтің «Менің атым қожа» шығармасы. Осы бір шығарма бүгінге дейін балалардың қялын әлдилеп келеді. Біз сол Бердібектің шапанынан шықтық десек те болады.

Одан кейінгі үлкен оқиға Семейдегі Дегелең полигоны. Мен сол полигонда 1964 жылғы 18 тамызға дейін тұрдым, әкем сол сынақ полигонының малын бақты, ол сынақтан кейін жылқы, қой, сиырлардың жүндері түсіп, өкіріп барып құлап жатады. Сөйцем, оларды әдейі сынау үшін бағады екен. Әкем күзде ауылға қайтады, көктемде қайта барады. Біздің ауыл полигоннән 60 шақырым жерде тұрды, семейдің Абай ауданы, өздеріңіз білесіздер, «Абай жолында» Абай қыстыгүны боранда адасып барып, Тоғжанмен табысатын Машан тауының етегі, Аққозы қыстағы, Қоңыр әулие деген жер. Сондағы коргендерым меның бала санамды ерте есейтты, алғашқы өлеңдерімнің өзі сол ақ қан ауруына ұшыраған адамдардың тағдыры, соның ішінде кейін атын озгертып, (өйткені жарялау керек болды) «Жапон шалы» деп алған олеңдерым. Ал, алғашқы қалам ұстауымның озіне осы бір коңілдегі ойларым өзек болды. Жаңағы Дегелеңдегі полигоннан үлкен апайым, мұғалым Түбітқан Рабайқызы келіп алып кетті, артымнан апайым мен қарындасым келді, содан кейін барып әкемді ол жерден босатты, бұл біздің оміріміздегі үлкен бір озгерыс деп білемін.

Сол кезде меның орысшам тәп-тәуір болатын, өйткені кілең орыс әскерлерінің ішінде жүреміз. Ауылға келгенде балалар мены «Шоқыншық» деп мазақтап, содан Қазақ тіліне бүтіндей бет бұрдым. Тіпті университетте сол көне, ежелгі әдебиеттен; бірінші курстің озінде лексия оқып, емтихан тапсырғанда да осы тылден ұзап кеткем жоқ. Осы күнге дейінгі еміп жүрген емшегім ـــ сол Қазақ тілі. Араб тілі меның шетел тілім болды, тәп-тәуір бастығып, тіл ұстартып қалып едім, ол сол ұмытылған күиінше қалды. Алайда, алпыс тоғызыншы жылдан бастап, Араб хәрпіндегі шағатай тіліндегі жазбаларды, сонан кейін Арабтың Әл-ахбар газетін оқып жаттықтым, соның пайдасы, мынау Алаш ардагерлерын ақтау кезінде тиді. Мен алаш ардагерлерын ақтау комиссиясында адеби кеңесші болдым, айтеуір керегіме сол оқыған білімнің жарағанын озіме қанағат тұтамын.

Ал «Жазушы болу үшін бақыцыз балалық керек дейды» Марк Твен, егер сол шын болатын болса, ол мектепты мен толықтай, күиінішімен, сүиінішімен, уайымымен, қуанышымен қоса кештім деп ойлаймын, қазірге дейін менің балалық шағымның сарыны меның санам мен жүргімді әлдилеп тұрады.


Тілші: Абай десе Абайсың,
Абайладың жан-жақты.
Риза еттың жарайсың,
қалың елың Қазақты, - дегендей, Қазақтың ақыл-ой, өнер олкесінде асқақ корынетын «Абай» атты шың бар, өзіңіз Абай тану саласында ұзақ жыл еңбек етіп, тер төктіңіз, Абайдың Қазақ санасына жасаған бұрылысын қалай бағалайсыз?

Тұрсын Жұртбай: бірінші, Абайды менің қалай қабылдауым туралы.

Біздің ауыл, жаңа айттым, сол шыңғыс таудың етегіндегі Абай ауданы деп аталатын ауыл. Ол ауылда ақсақалдар оте шешен, ұтымды сойлейтын, сыншыл, талапшыл келеді. Жаздікүнгі тобеның басында, кешке жақын, күн қызарып батып бара жатқанда, алқа-қотан отырып айтылатын әңгімелер; қысты күнгі соғым басы, қонақасы тұстарындағы әңгімелер Абай, Құнанбай, Мұқтар туралы болатын. Сол кезде сол әңгімелерді жілік ұстай отырып, сүиек мұжи отырып, құлақты ала отырып тыңдаймыз. Кейде: «Мынау кімнің баласы- ей» , - деп сұрақ қойып қалады, сондай сәттерде жауап берып қалсаң, кәдімгідей алақанына салады, айалайды, «Ой мынау құима құлақ екен» деп, өзіңді асыра мақтайды. Ал тартынып қалсаң кәдімгідей ренжып, «Осы күнгі жастар ай, ұғымсыз келеді» деп, өзіңді сынайды. Сол кезде біз ұзаса тоғыз да он бір жастың мөлшеріндеміз, сондықтан, сен тыңдасаң да, тыңдамасаң да, қаласаң да, қаламасаң да, сол Абай ауданында ержетіп, есейген кезіңде, Абайдың сөзіне, Құнанбайдың созыне, Мұқтар Әуезовтың шығармаларының жазылу тарихына құлақ қоймай тұра алмайсың.

Біздің ақсақалдар екі манерге болінеді: біреуі шыңғыстың сыртындағы ақсақалдар, олар аңшы, ер мынез, сері, ер көңіл келеді өйткені олардың негізгі өмір сүру козі аңшылық. Жаңағы сыртта (шыңғыстың сырты айтылып отыр: редактордан) қазыр де адам болмайды (елды мекеннің жоқтығы меңзелсе керек) , бір таудың арғы жағындағы жәйлау сяқты, өмір сүрудің өзі сол ескі өмірдің формасымен бірдей. Ал ойдың адамдары дейміз, бұл енды Жидебай, қала жақ беты Шыңғыстың, ондағы адамдарың сөзі бір басқа. Сырттағылар: «Уа, дәурен ай, өтті-ау дүние ай, кешегі Абай да өтті-ғой дүниеден сол айтқандай» деп осы арғы-бергі көшпелі өмірді біресе ары апарып, сонан кері төңкеріп, шәйқап, жылғамен ағызып жыбереды. Ал ойдың адамдары «Абай айтқандай» деп сынмен қабылдап, сынни оймен оған пікір білдіріп, өлеңнің әрбір жолдарын талдайды, ойдың қарттары ойдың шешены, сырттың қарттары сөздің шешены сяқты. Қазір ұрпақ ауысып, дәстүр озгеріп барады.

Абай елінде сөзді астарлап сөйлейді, сөзді астарлап, емеуірінмен ғана айтсаң, сол күиінше орындайды. Егер жәй жапсарды байандап, бұл былай еды деп ұзақ сойлесең, «Мынау бір қырт екен-ғой, көп сөзді екен-ғой» дейды. Мен соны өз басымнан 76 жылға дейын кешірдім. 76 жылдан кейін бастап, жаңағы қарттардың тілін тауып, олардың сойлейтын ымы- жымын түсіндім, бұл 25ке келген кезім, ойым да кішкене ересек тартты. Үлкеннің тілін тауып, ығына қарай жығылатын тәжырибе жинақтағаннан кейін ғана, олар мены ыштерыне тартып, бауырына басты, шындығын айтты деп ойлаймын. Осы қарттардың емеуірін сөзінің астарын түсінуім, олардың мены бауырына тартуы меның Абайдың олеңын түсінуге деген козімді ашты. Мұқтар Әуезовтың Абай туралы монографияларындағы, талдауларындағы мәселелер өз алдына классикалық үлгі, ал жаңағы қарттардың талдағаны мүлдем басқа, осы мектептың асеры үлкен болды-ғой деп ойлаймын. Абайды сол ой түскеннен кейін екі-үш жылда бір рет толықтай оқып шығамын, сонда 10-15 күн бауырымды жерден котере алмай қалатынмын, сол жыл бойы азық болады. Сондай кезде атақты әнші, досым жаныбек карменов келіп, күныне Абайдың бір әнін айтып, бауырымды жерден көтертіп, сергітіп, әлгі алған әсерімді одан артық үстемелеп, нысанаға көтеріп кетеді. Сол ойдың ұзақ нәтижесінде, Абайға деген алғашқы көзқарасымды бейнелейтін «Күиесің жүрек, сүиесің» деген кітап жаздым, жалпы, бұл шығарма жан бостандығы туралы көзқарасімді толық бейнелейді. Бұл кеңес одағы кезінде тауелсіздікті аңсап, қардың астымен жүретін қызыл су сяқты Абайды қалқалап отырып жазған еңбегім еді.

Абайдың жүрек туралы теңеулері мен создерін, ұғымдарын талдаған бір кітап жазғым келетін, бұл 18-19 жастан бергі аңсағаным, ол әлі жүзеге асқан жоқ. Кейін біле келсем, жүрек тек қана поезиялық образ емес, ол «Кәліп» деге үлкен философиялық бағыт екен. Дегенмен де: «38-сөздің кілтін таптым, енды Абай тануға қайтып оралмаймын, өйткені оны тереңдеп талдауға сауатым жетпейды» , - деп, 94 жылы 14 желтоқсан күні өзімнің бір айтып қалғаным бар. Арада міне 20 жылға тарта уақыт өтті, алайда күнделікті ой жиып, сөз жиып, Абайға жүгініп жүргендыктен, Абайдың ойлау жүиесімен дүниені түсіну, оның жалпы Ислам ойлау жүиесінің жүлгесі мен поетикасының, дүние қабылдауының құрылымы туралы бір кітаптің жобасы толықтай пысып жетілді. Алла қаламға қуат берсе, жанға қуат берсе, ойға қуат берсе, осыны Абай туралы өмір байандық кітап жазып біткеннен кейін қолға аламын деп ойлаймын.

Ал, Абай оте күрделі тұлға. Әлмисақтан бастап осы кезеңге дейінгі Қазақтың көшпелі әлеміндегі, түркі әлеміндегі басынан кешкен ойлау жүиесы, жан жүиесы, психологиясы, философиясы, тұрмыс тіршілігі, заңы, дәстүрі, экономикасы тағдыры туралы көшпелі жұрттың ақыл ой-жинтығы Абайдың сексен-ақ өлеңі арқылы жинақталып поэтикалық қуатпен берылген. Абай дана, ал даналардың құпясы ешқашан да толығымен ашылмайды, дүниеде ұлттық даналар өте сирек, оның қатарына Европада Гете, Орыста Пушкиын, Қазақта Абай бар, бұлар таза ұлттық даналар. Ал олардың ойын түсіндіріп берген ғұламалар, мысалы Мұқтар Әуезов ғұлама адам, Абайдың жан жұмбағын дүниеге түсіндіріп берды, дана деп бөліп отырғаным, мысалы Лермонтовтың, Байронның, Есениның, Мағжанның олеңдерін оқып әсерлерніп үлкен ләззат алуға болады. Алайда оны тұрақты зерттеп, мәңгілік құпялық ретынде пайдалана алмайсың, бір жыл бес жылдан кейін сол өлеңдердің барлығы кәдімгі жаттанды, бірақ аса үздік поезялық туындыға айналады. Бұл реттен алғанда Абайды әр оқыған сайын, әр жолы оның мағынасына үңілген сайын, екі сөздің басын қосып жаңа мағына берген кезіндегі оның түпкі ұғымын түсінген сайын, оның жұмбағы тереңдей береды, сондықтан да бұл Қазақ үшін мәңгілік рухани қайнар, киелы бұлақ көзі, әбілхайат сусыны деп ойлаймын.

Тілші: «Абай» романындағы Абай мен Құнанбай обыразы шынайы омірдегі кейіпкерлердің бейнесіне қаншалықты жуық? Әдетте бұл обыраздардың нақты өмірде өзгеше тұстары болғаны жайлы емыс-емыс естиміз, әсіресе, Құнанбай обыразы туралы.

Тұрсын Жұртбай: бұл заңды, көркем әдебиет дегеніміз, ол өмірдің қарабайыр шындығы емес. Өмірлік шындық бар, тарихи шындық бар, коркем шындық бар. Жазушы үшін өмірдегі мың шындықты, тарихи мың көзқарасты ұнтақтай келіп, көркем бір көзқарас жасау керек. Яғни көркем шындық дегеніміз абсоливтты шындық, көркем шығарманың мақсаты омірдегі шындықты, тарихи шындықты, жоқ-барды теріп, жамау қып жамап, шекпен қылып кигізу емес. Бүкіл киым ـــ ой тұтас болу үшін, бір-ақ шындық жасалады. Сондықтан да, «Абай жолы» Мұқтар Әуезовтың «Абай» атты кейіпкер арқылы туындатқан, Қазақ халқының оміріне, Қазақ халқының тарихына деген көркем көзқарасы. Авезовтың өзі де: «Менің романым өмірлік шындық емес, көркемдік шындық, мен Абай обыразы арқылы Абайдың рухын ақындық рухын алемге танытқым келеді, барлық жиған-терген шындықтарымды осы Абайдың бейнесіне жидым, сол арқылы Қазақ халқының көшпелі өмірінің барлық бойауын жеткізгім келді, - дейды.

Менің дәріс оқығанда шәкірттеріме айтатын ең бірінші сөзім, Мұқтар Әуезовтың «Абай жолы» роман епопейасында бір де бір сойлем тарихи немесе өмірлік шындықты бейнелемейді, ол Абайдың өмірімен жане сол тарихи өмірмен сәйкес келмейді. Мұнда өмірлік шындық жоқ, алайда, Мұқтар Әуезовтың «Абай жолы» роман епопейасында Абай обыразы туралы бір де бір жол, бір сойлемде жалғандық жоқ, онда үлкен көркемдік шындық бар. Егер Абайдың туғанынан бастап, көз жұмғанына дейінгі өмірін тізіп шығатын болса, онда «Абай» романын, «Абай жолы» кітәбін кім оқыр еді, ішің пысып кетер еді. Көркемдік шындық дегеніміз әбден жиынтықталған туынды. Мысалы: жер бетінде уран шашылып жатыр, мысқалдап қана табылады, соны қопарып қаншама мыңдаған, миллёндаған тонна рудадан бармақ басындай бір мысқалдай ғана атом жасайды, сол бір мысқал атом үлкен стансияның негізін қалайды. Көркем шындық та, көркем шығарма да сондай, барлық өмірді қопарыстырып келіп, түиіндеп әкеліп, түинектей ғана шындықты ұсыну керек. Окінішке орай біздің ішінара адебиет танушыларымыз, ішінара Қазақ оқырмандарымыз өмірлік шындық пен көркемдік шындықты ажырата былмейды. Сондықтан да Абайдың өмір байанын «Абай жолы» роман епопейасы арқылы түсінеді, бұл шындыққа мүлдем сәйкес келмейді.

Бір ғана далел келтірейін: Абай 13 жасында семейден ауылына қайтып бара жатады, сонда келгеннен кейін Қодар мен Қамқа оқиғасына жолығады, содан кейін Бөжейдің өліміне қатысып, оған ас беруді ұиымдастырады. Ал өмірде Қодар-Қамқа оқиғасы 1834 ـــ 1838 жылдардың арасында болған, яғни, Абай туылардан 15-20 жыл бұрын откен оқиға, Әвезов: Қодар-Қамға оқиғасын Абай естіген болуы мүмкін, - деп жазады хатиресінде. Екінші, божей 1850 жылы дүниеден озған, ол кезде Абай бес жаста, қаншама данішпан болса да, бес жасында бүкіл Қазақ жиналған асты басқарып, оның жиынын-терынын откізіп, жөн көрсете алмайды. Мұның барлығы Әуезовтың Қазақтың тұрмысын Абайдың өмірімен байланыстыра отырып, көркем шығармада бейнелейін деген көркем қялы. Көркем шығармада жазушыға берілген уақыт пен кеңістіктің мөлшеры бар, Әуезов соны толықтай пайдаланып отыр. Өйткені, осы оқиғалар феводализмде, Абай өмір сүрген дәуірде болуы мүмкін, немесе болған, демек ауезвтың шындығы көркемдік шындық, ол шындық рас. Сондықтан да, жүңгодағы әдебиетшілер мен әдебиет тарихшыларына, оқулық жазатын ұстаздарға назым: Абайдың өмірін Мұқтар Әуезовтың «Абай жолы» роман епопейасындағы сивжеттік желімен түсіндіруге болмайды, ол үлкен қателыік.

Тілші: Қазақтың Абай сынап- мінеген мінездері бүгінгі таңда бүкілдей өзгерді деп ойлайсыз ба?

Тұрсын Жұртбай: Я, бұл үлкен маселе, бұл Қазақтың жанын түсінген Абайдың жан дерті жане Абайды түсінген әрбір Қазақтың жан дерты. Сонымен қатар, Абайдың өлеңдері мен ғақлясы сол жан дертінің дауасы. Біз Абайға қарап ойымызды, көзқарасымызды, өмір сүру ауанын бағдарлаймыз. Бірақ, ол Абайша өмір сүру, Абайдың айтқаны заң, соны бұлтартпай істеу дегендік емес. Қазақстанда исі Қазақ жұрты Абайды өзіне рухани нысана тұтады, соған ойын да, бойын да тәрбиелеп, үлгі алады. Ал, Абайдың айтып отырған сындары Қазақтың қанына, жанына, санасына сіңіп кеткен, тереңдегі түисікпен, мінезбен, өмір сүру қүбылыысмен сіңіп кеткен қасиеттер, біз Абай айтқан сөздерді тәмсіл ете отырып, өзімізге сын көзқараспен қарап, ойымызды екшеуге тиіспіз.

Танымадық, жарымадық,
жақсыға бір іргелі,
қолына алып,
пале салып,
аңдағаны өз елы, - дейды. Осы сөздің өзінен бүкіл жас өспірім, орта буын, ересек буын, билык басындағылар үлгі алуы керек. Немесе қаперінде ұстауы керек. Блімді, ғылымды, билікті өз еліңді өзің аңдып, соны жазалау үшін игермеу керек, қайта соған қызмет етуың керек, «Торден үрген ит құсап» тұрмау керек. Менің ойымша бұл мәңгілік шаруа, жалғыз Қазақ қана емес, Абайдың ойы бүкіл адамзатқа ортақ. Ол кемшіліктер жалғыз Қазақта емес, Қырғызда да, Өзбекте де, Ұиғұрда да, Ағылшында да, Орыста да, Әмерикада да, Жүңгода да бар адамның бойындағы кемшілік, соған қарап ой түзеп ойға қалу керек. Окінішке орай бүкіл адамзат ондай мінезден қазір толық арылып кеткен жоқ, мына сендердың соңғы құрылтайларыңда көрсетыілген сегіз тармақтың ішінде қоғамда орын алған кемшіліктермен күресудің жолы корсетылген, егер ол қоғамда орын алып отырмаса, оны жойу, онымен күресу туралы қаулы қабылданбас еды. Бұл иісі адамға орта мінездер. Ұлы ақындар, ұлы адамдар, даналардың ой тараулары соған жетелейды. Мысалы, «Күңзының, Мңызының билік туралы, өмір сүру туралы ойлары мен қағидалары толық орындалып бітті ме, соны орындап жүр ме» деп те қарсы сұрақ қойуыма болады, бірақ сол ойларды қортып, қаперіне алып, өзінің бойындағы мінезі мен көзқарасын, ықыласын, санасын түзеуге тырысады, бұл ретте даналар қашанда тағдырлас.

Тілші: ғаламдық озгерістердің ғаламат шабысына шаршамай ілесіп келе жатқан Қазақ деген халық өзіне Абайдай алыбының тұрғысынан көз жыберып отыр ма?

Тұрсын Жұртбай: жалпы жаңа да айттым. Даналардың ойы ол адамзаттың ақыл ойы мен ертеңгі тағдырының келешекке тартылған тамыры, ол бір желы емес, адамның санасындағы түисік талшықтары қанша болса, қаншама адам болса, оның жолы да соншама. Сондықтан да, адам күрделі. Екінші, даналардың ойы қаулы-қарар, түзілген бағдарлама, жасалған жоба емес. Даналардың ойы адамның жан түисігін, ақылын, жүрегін тебырендыру үшін, ой салдыру үшін айтылады. Егер оқыған жұртты тебыренце, оларға ой салса, олардың өзіне-өзі сын көзбен қарауына, сондай-ақ одан қортынды шығаруына жол ашса, бұл көркем шығарманың мақсатының да, даналардың ойының да жүзеге асқаны, коркем шығарманың міндеті осы. Сондықтан да, қай қоғамда болсын дананың ойы осы үшін керек, үиткені қоғам бір қалыпты дамымайды. Шіркін ай дейсің, әр адамның, әр ұлттың, дүние жүзіндегі барша мемлекеттің, бүкіл адамзаттың мақсаты әлеуметтік теңдыкте, аділетті жолмен тең өмір сүруде болса-ғой, алайда, бұл идейалық қоғам, қялдағы ғажайып дүние. Бірақ сол қоғамға адамзат ұмтылып келеді, Абай да өзінің өлеңдері арқылы, сол өзі өлең жазған тілдің иесы болып табылатын Қазақ халқын да жақсылыққа, ертеңгі жарқын өмірге, алеуметтык теңдікке жетелеп келеді. Енді оның соңынан ерудің мүмкіндігі қандай, былайғы жұрт ілесіп жатыр ма, ілеспей жатыр ма, бұл мүлдем басқа әңгіме деп ойлаймын. Үиткені, қоғамның дамуы бір ұлттың жеке басының еркіне, бір адамның жеке қалауына байланысты емес. Қазіргі жаһандасу заманында, бүкіл адамзаттың тамыр-жүикесімен астасып жатқан ұғым. Ең басты кемшілік: өз рухынан, өз тілінен, өз ділінен, өз дінінен жерініп жүрген сайақтар кобейып барады. Сол сайақтардың қасында жас ұрпақтар қоса ілесіп барады, осы окінішті.

«Ұлып жұртқа қайтқан ой» деп Абай айтқандай, олар да түбінде ұлып барып, созылып барып, өзінің жұртына қайтады. Бірақ ол кешегі Қазақ, бүгінгі Қазақ, Абайдың арманындағы Қазақ емес, өзгеше ұрпақ, өзгеше тұқым, өзгеше оредегі Қазақ. Ол қандай деңгейде, қандай рухпен, қандай көзқараспен, қандай ділмен, қандай тілмен, қандай мақсатпен өзінің жұртына қайырылып оралады, ол үлкен алаңдатарлық маселе. Абайдың: танымадық, жарымадық жақсыға бір іргелі.
қолына алып, пале салып, аңдығаны өз елы, - дегенындей, өз елін аңдитын ұрпақ бола ма, жоқ «Сендерге бердым батамды» дегенындей, жаңашыл жас ұрпақ бола ма, бұл бүгінгі Қазақ қоғамының үлкен алаңға Толы ойы деп есептеймын.


Тілші: Абай зерттеудің барысы қалай?

Тұрсын Жұртбай: Абай тану ілімі менің ойымша үш сатыдан тұрады.

Бірінші саты, 1904 жылы Әлихан Бөкейханов жазған «Абай Құнанбайұлының өмір байанынан» бастап, қырық бесінші жылға дейінгі, яғни, Абайдың туылғанына жүз жыл толғанға дейінгі елу жыл. Бұл кезде Абайдың шығармалары қайта-қайта толықтырылып басылды, әр сойлеміне, өлеңдерінің шығу тарихына, создерыне түсініктер берілді. Негізінен Нүрсейттің, тағы басқалардың қолжазбалары негізінде Абайдың өлеңдерінің матіні бір қалыпқа келді, өмір бяаны толықтай жасалды. Сонымен қатар, Абайдың ақын, ойшыл ретіндегі көзқарастары, пойезиялық ізденістері, философиялық ізденістері негізінен бір арнаға түсті. Бұл Абай танудың қалыптасу, даму, толысу кезеңі деп есептеймін.

Екінші деңгей, 1945-1995 жылдың аралығындағы, яғни, Абайдың өмірге келгендігінің 100 жылдығы мен 150 жылдығы аралығындағы деңгей. Бұл деңгейде Абай тану ілімі толықтай тамырланып, негізгі арналары ашылып, үлкен бір ғылми бағытқа айналды, бұл нағыз кемелденген, дамыған деңгей. 150 жылдықтың қарсаңында Абай танудың барлық саласы сөз етілді, математика саласы, экономика саласы, тіпті дәрігерілік емге қатысты салаларға дейін атсалысып зерттеді. Дүние жұзінің негізгі елдерінде Абай тану, Абайдың өмір байаны жане оның ойлары сол елдің тіліне аударылып жеткізіліп, түсіндірілді. Қазір өзін сауатты, өркениеттімін деп есептейтын немесе оқу-ағартуға бет алған шағын мемлекеттердің озінде, олардың енциклопедиялары мен тораптарында, Абай туралы бір ауыз сөз болса да бар, демек бұл Абай танудың кемеліне келген кезі.

95 жылдан кейінгі зерттеу бұл үшінші деңгей. Абайдың әр созіндегі, әр ұғымындағы маселелер жеке зерттеу деңгейінде қарастырылатын ұзаққа созылатын бағыт, ол бағыт таусылмайды деп ойлаймын. Мысалы, ең кенжелеп жатқан дүние бұл мынау ғаламның жаратылысы туралы Исламият көркем ойлау жүиесі, поетикасындағы құрылымдар мен Абайдың ойын салыстыру, яғни, шариғат, мағрифат, тарихат, ақиқат деңгейлерін Абайдың түсінігімен қарастыру, Европа ойшылдарымен, Шығыс ойшылдарымен салыстырып, сол ойдың мағынасын ашу, бұл бағыттағы зерттеулер жылдардан жылдарға созылады жане мәңгілік Қазақ халқымен бірге жасап, түлеп, жаңара береды деп ойлаймын.

Тілші: Бежңде өтіп жатқан күндеріңізден сыр сұхбат бере кецеңіз, әсерленген, қуанған, ойланған сәттеріңіз болған шығар?

Тұрсын Жұртбай: алғаш рет Бежңдегі Ұлттар университетінде сабақ бергеніме де алты жылдай уақыт өтті, сол кезде үлкен танымдық, адамдық жаңа ұғымдарға ие болдым. Сол бес алты айдың молшерынде жиған-терген ғылыми олжаларымның натижесынде «Қазақ қолжазбалары» деген он томдық кітап құрастырып, соның жеті томын шығардық. Біздің ерамыздан бұрынғы 10-ғасырдағы Мутянзының жазбасындағы Ғұн анасы ـــ ел анасының арнауынан бастап, 19-ғасырға дейінгі созылған Қыпшақ садызының он бес тұқымын қамтитын 72ге жуық тегі Түркі ақындардың христоматиясын Қазақшаға аударып шығардық, көне Ханзу жазбасындағы жолма-жол аудармасы, көркем аудармасы берілді. Бұл Жүңго адебиетімен, Жүңго тарихымен Қазақстанды тікелей байланыстыратын алғашқы поезиялық көпыр деп есептеймін. Ол адамдардың тегі, тіпті руына дейын жазылған, Керей басы, Қаңлы, Найман, Арғын, Қыпшақ, Уақ деп руларына дейін көрсетілген, демек ол өлеңдер мен ол ақындарға Қазақ халқының қатысы бар. Марқұм Гің шыминнің транскрипсиясындағы Мадрисмиттың Қазақша екі томдық аудармасын жасадық, бұл да алғашқы талпыныстардың бірі деп ойлаймын, оны жасаған осы Ұлттар университетінде сол тұста оқып шыққан шәкірттер, меның мақсатым осы Ұлттар университетінің шәкірттерін Қазақстандағы ғылыммен байланыстырып, екі елдің дәнекері, ғылми байланысы болатындай ғылми маман дайындау, оның алғашқы деңгейі орындалды деп ойлаймын.

Ал, келгендегі үлкен қуанышымының негізгілері мынадай:

бірінші, ескі көздермен, табысқан достармен қайта қауыштым, бұл бір ғанибет нәрсе. Алғашқы айда сол табысқан достармен қайтадан қауышып, әзілдесіп, өткен күндерді еске алып, келер күндердің белгісін қойып, өзімізше арқа-жарқа болдық. Олардың қатарында, Әлімжан, Әкбар, Мұқтар, Жарқын, Балапан, Әнуар, Еркін, Жаң диңжиң сяқты интелегенттер бар, сонымен қатар Болаш, Нұрбақан, Алғабек, Бақытбек, Мұнай сяқты жас достарым бар, олармен сойлескенде менің ойым тәп-тәуір қанаттанып, пікірім ұшталып қалады.

Екінші, сонау «Дулығаны» жазған кездегі ойлаған дүниелер, яғни, бұдан 30 жыл бұрын негізгі деректерді тарихи жазбалар арқылы хатқа түсіргенде, ‎ «Бір корсем-ау, сол жазылған Жайларды қайтадан санадан откізсем-ау, тарихи іздері қалай екен» деп өзімнің аңсарыма айналған жерлерге бардым. Ши-анға, Ланжоуға, Дұнхуаңға, Ақсайға барып қайттым, сондай-ақ, бір ұлы көштің негізін қалаған Хыши дәлізін көруім де менің санама үлкен өзгерістер әкелді. Сол ретте, мысалы Дұнхуаңдағы Могауға барғандағы асерімнің өзі санамды, яғни санамның қабаттарын бір төңкеріп шықты. Бұрын Матрисмитты аударып, Бұдданың мың құдайы туралы түсінігім болғанымен де, олардың нақты бейнесін жүргіммен сезіне алмайтынмын. Бұл жол ол кәдімгідей санама таңба түсірді деп ойлаймын. Сонымен қатар, Түркі дүниесімен тағдыры тамырлас жатқан Ши-андағы жер асты мұрағаттары, асіресе маған ұнағаны жане қатты асер еткені анау Таң газудың содан кейін Узытянның ұшар биіктегі ескерткштері. Жай ескерткіштер емес, сол таң гаузудың құлыптасының алдында, сол кезде жерлеуге қатысқан елдердің окілдерінің бойы мен беті-жүзі айнымай қашалған ескерткіштер тұр, балбалдар. Сол балбалдардың әр ескерткішінің арқасында қайдан екені жазылып тұр, окінішке орай олар сызылып, жойылып кеткен, дегенмен де, сол арадан мен бір ескерткіштен тура қазіргі менің үиімдегі әкем таққан кіседен айнымайтын, Құнанбайдың кісесімен бірдей кісе белбеу таққан ескерткішті көрдім. Яғни, ілмек арқылы буылады, оң жағында оқшантайы, кездігі, сол жағында шоншігі, керектісін салатын, сонымен қатар тұмар сяқты әсуәс салатын кішкентәй қалтасы бар, ойуы да айнымайды. Бір ойға кеттім, Қазақстаннан сол кісені ала келіп, дал ана жерге апарып салыстырса, бір шекімесі айнымайтын сяқты. Бұл нены білдіреді, бұл біздің тарихмыздың жалғастығының, немесе түп тамырының, бір үилестігін білдіреді. Жай ғана Түркі мен орта жазық жұрты байланысты деген сөз емес, ана жерде рух байланысы бар. Мысалы, сол кезде, орта жазықтың елшілері мен шеберлері сонау Орхон бойындағы Күлтегіннің сынтасын салуға қатысса, енды сол Түріктің адамдары мына Таң гаузудың зиратының басына келіп, соның азасына қатысқанының айғағы. Меның ойымша, осы Ши-андағы Таң дәуіріндегі оқиғаларды тереңдеп зерттесе, біздің тағдырымыздағы көптеген тоғысулар мен тарихи келісімдер, қақтығыстардың негізі ашылар еды. Тұрсынхан Закон деген бауырымыз тайауда «Мәңгі тас» деген роман жазып шықты. Сонда негізінен осы Узытянның патшалығы тұсындағы Түркі мен Таң патшалығының қарым-қатынасы байандалған, соның ішінде, жиырма жасына дейын өмірін Ши-анда, Таң патшалығының тарбиесінде өткізген Тоныкөктің тағдыры арқылы коптеген тарихи ойларды жеткізген деп есептеймін.

Үшінші бір жұбанышым, осыдан алты жыл бұрын келіп кеткенде көріп, бірақ толықтай зерттеуге, не танысуға мүмкіндігім болмаған, Жүңгодағы ең көне жазулар мен кітаптар жинақталған Ұлттар университетінің кітапханасіндағі сирек қол жазбалар мен кітаптарді шеттеп қана танысуға мүмкіндік туған. Соның ішінде Чянлұң патшаның кезіндегі көшпелілер алемімен (соның ішінде Қазақ халқы да бар) арадағы қарым-қатынастарын бейнелейтін 16 суреттің бедерін көріп таңбаға түсірдім. Онда елшіліктің келуі, киімдері елшілікті қабылдау, шайқастар, оның айла-амалдары, тұтқындар қабылдау, тұтқын беру сяқты жайлар қамтылған арине оның барлығы тікелей етнографиялық дәлдік деп айтуға келмейді, бірақ та сол заманды көркем дүние ретынде жазғанда, ғылми тұрғыдан жазғанда, олардың бейнелерын кейіптерін кино арқылы, театр арқылы бейнелегенде, пайдалануға болатын үлкен материял есептеймін. Сол тұста кітапхананің директоры маған тағы бір үлкен деректің көзін ашты, откен ғасырдың екінші жартысынан бастап, 20 ғасырдың 20 жылдарына дейінгі Іле генерал губернаторының сол өлкедегі жағдайларға, Іле, Тарбағатай, Алтай өлкелеріндегі оқиғаларға, шекара айналасындағы оқиғаларға, шекара бөлісіне қатысты патшаға жолдаған жазбалары, мәліметтері, қаттары жинақталған 38 том басылым бар екен, сол 38 том басылымды шәкірттерімнің көмегімен, Тәліпжаннің, Ерзаттың, Арайдың, Фаригүлдың көмегімен оқып, негізгі қатысты материялдарды көшіріп алдым. Менің ойымша бұл да мен үшін үлкен жаңалық.

Енды бір көкейімде жүрген мәселе, Тибет ұлтының елу томға тарта «Гісар» деген үлкен епосы бар, соның бір томының Түркілердің тарихы, тағдыры, қару-жарағы туралы қамтитынын маған жас ғалым Нұрбақан айтып берды. Тибет орталығына барып сұрастырғанымда бұл шындық екен, сол том шықса, соның Ханзуша аудармасы болса, сол епостың өзі болмаса да мазмұны Қазақшаға аударылса, сонда өзімнің аңсарыма айналып жүрген Қазақ даласына жеті ел келіп жеті ел кеткен деген бір тарихи елес қалпына келеме деп ойлаймын, анық көзімнің жеткені осы Қазақ халқының дамуы көш жолы жане түп үзері бүгінгі Моңғұл үлтымен тікелей астасып жатқаны, осы арада үлкен бір тамыр бар, әттең тілім қысқа, ал бұл жақтағы жас ғалымдар Мәнжу тілін, Ханзу тілін, Тибет тілін еркін меңгерсе осы бір сананың қатпарының, тарихтың қатпарының түкпырынде жатқан тамырды ашса, жалпы Қазақ халқының тарихы үшін жаңаша қортынды жасауға мүмкіндік беретын жадыгерлерге қол жетер еды деп ойлаймын, бұл келер күндердің еншысы. Сонымен қатар, екінші бір назар аударғаным, оздеріңіз білесіздер Қазақ халқының тағдыры Жұңғар шапқыншылығымен тікелей байланысты, осының шығу себептері мен даму жолдары әлі де Қазақ тарихында толық тексеріліп көрген жоқ, мен соны ойымша індетіп келсем, бұл осы Моңғұлдардың тарихмен, Манжулардің тарихмен, тибеттердің тарихымен тікелей астасып жатады екен, соның ішінде Зайа-пандит Далайламаның өз тұсындағы Ғалдан Серен-Бошықты ханға берген уәкілеттігі осы Жұңғар мемлекеттігінің құрылуына үлкен себепкер болды деп ойлаймын, сол тұсты тереңдеп зерттеп қарастырса, кәдімгідей жаңа тарихи пайымдауға негіз қалайтын бір дерек шығар еды, сол дерекке қолым жетсе деп қазір қялдап, елестен-елесті қуып жұрмін.

Тілші: артыңыздан ерген жастарға айтар қандай ақыл-кеңесіңіз бар?

Тұрсын Жұртбай: бүгінгі ұрпаққа, кейінгі жеткіншекке әр адамның айтатын сөзі Абайдың өзі тұсында жастарға берген батасы деп ойлаймын. Сол Абайдың өсиетінің ішінде әр адамның әр Қазақтың осиеты бар, соның ішіндегі өзімнің туған бауырластарыма айтатыным: біріңді Қазақ, бірің дос,
көрмесең істің барі бос.
Ынтымақ, адалдық, шын пейіл, білімге құштарлық адамның жолын ашады, жаттанды біліммен, жаттанды ғылымнан қашық жүрсін, оймен қабылдап, санада саралап, ішкі қуатпен шешым қабылдап, келешекке жол тарцын деймын.

Тілші: көп рахмет, сізге.
жауапты редакторі : Нұрғиса Құрманжанұлы
 
   бұл хабарға бағаңыз
  • 1. Жұңхуа Халық Республикасының қатысты заң-ережелеріне бойсынып,торапта мөралды болыңыз, сіздің әрекетіңіз себебінен тікелей немесе жанамалай туындаған заңдық жауапкершілікті өзіңіз арқалайсыз.
    2.Қалам атыңыз бен жазған лебізіңізді басқарудың барлық ұқығы Халық Торабына тән.
    3.Халық Торабының сіздің Халық Торабының лебіз жазу бетіне жазған лебізіңізді торап ішінде көшіру немесе лебізіңізден ситат келтіру ұқығы бар.
    4.Егер басқару жағына пікіріңіз болса,лебіз жазу бетінің басқарушысына немесе Халық Газеті Мекемесінің Торап Орталығына аңыс етіңіз.