< МО ЯН МОЙЫНДАТТЫ--حالىق تورابى--人民网
| Хабарласыныз | Біз туралы

СҮРЕТТІ ҚАБАР

Кескін



حالىق تورابى>>Қазақша>>Әдебйет

МО ЯН МОЙЫНДАТТЫ

- КІМГЕ, НЕНІ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ?

Сұлтан ЖАНБОЛАТОВ

2012.12.13 15:26    келу қайнары :Халық торабы



  Соңғы айларда бүкіл Жұңгода, соның ішіндегі әдебиетке таяу қазақтарда, «Мо Ян қызуының» өрлеп тұрғаны белгілі. Мо Янның Нобел сыйлығын алуы қоғамда, әсіресе әдебиетпен айналысушылар мен әдебиетсүйер қауым ортасында өте күшті аңыс қозғады. Әр алуан көзқарас иелерінің ішіндегі бір ортақтық – Мо Янның әдебиеттегі жетістігін жоғары бағалау мен тиянақтандыру.

  Мен Мо Янмен таныса түсу үшін. оның туындыларымен шектелмей, әдеби сынгерлер Ли Жиңзы, Лу Жянды, Чын Жоңій, Лей Да сықылдылардың бағаларын, лебіздерін де оқып, олардың өзара ұқсамайтын көзқарастарынан өзім дұрыс тапқандарын алып, елеп, қорытып, өз таразыма салып шықтым. Мынау соның жемісі. Бұдан да пайдалы да дәмді өнім шығару оқырманның еркінде. Менікі ауыздарыңызға сөз салу ғана болар. Егер ол ой салуға да жарап жатса қуанар едім. «Біз әдебиетшілер былайда қалай ұмтылуымыз керек?» дегенге айырым тақырыппен ашалап сөз қозғағаным жоқ.Өйткені ой салынған оқырман осы арада айтылғандарды ары қарай созып,мұндайкесек тақырыптың сөзінөзі-ақ жалғап әкетер.

  Жоғарыдағы бас тақырып астындағының алғы екуіне жауап беру тым қиын емес. «Әлемге», «Ең үздік жазушының бірі екенін» деп қысқа қайыруға да болар. Ең қиыны соңғы сұрауда тұр. Бәріміз бірлікте соның жауабын табуға күш салайық.

  МО ЯННЫҢ ӨМІР СҮРГЕН ОРТАСЫ

  Мо Ян(莫言)① – текті тұлға. Арғы аталарынан Гуан Жоң (管仲)② Чи (齐) ұлысының атақты уәзірі, Гуан Лу (管路) әйгілі балшы (фалшы, 算命) болған екен. Миң, Чиң (明清) әулеттері тұсында, арғы аталарынанжеті ғалым да шығыпты. Үлкен атасыГуан Соңфың (管嵩峰)әйелдер мен балалар сырқатына мықты дәстүри емші, ал, атасыГуан Яониәңгімешіл, ертекші қарт болған.

  2010 ыншы жылы Хаңжоу қаласындағы Лоңчуанға (суы атақты «Айдағар бұлаққа») барып тегін іздеген Мо Янның өзі: «Мен – Гаумиға барған Гуан фамилилылардың 24 інші, Лоңчуандағы Гау фамилилылардың 36 ыншы ұрпағымын» деген. 36 ыншыдан арғы аталары (Чи ұлысына уәзір болғандардың жұрты мен шажірелік тізбегі сықылдылар да) әзірше айқындала қоймаған секілді.

  МоЯнның өз отбасы өткен ғасырдың 50 інші

  жылдарындағы тап айыруда «жоғары орта дихан» болғанымен, үлкен атасы жериесі, оның үстіне оның үлкен ұлы Тәйюанға кеткен болғасын,Гуан фамилиялылардың бұл тобықоғамның салқын назарында, солақай нашарлардың найзаларының ұшында өмір сүріпті.

  Мо Ян1955 жылы 17-ақпанда ЖХР дағы Шәндоң өлкесінің Гауми (高密) ауданындағы Далан (大栏) ауылының Пиңан (平安) қыстағындатуған.. Әкесі – Гуан Ійфан (管贻凡)балаларын қатты ұстаған, тіпті соғып та тұратын қатал адам болыпты.. Мо Ян – отбасындағы төртінші бала.Әсілі аты Гуан Моие (管谟业). 1979 - жылы Ду Чиңлан (杜勤兰)дейтін қызбен үйленіп, 1981 інші жылы Гуан Шяушяу дейтін қыз балалы болған. Мо Янның еркелетпе аты «Дұр» дегенді қойған атасы: «Сүйкімді емес дей көрмеңдер. Ол – темірқазық, кейін үлкен адам болады» дейді екен. Ақсақалдың айтқаны келді.

  1950 - жылдардың соңынан бастап әсіре солшылдық тудырған ауыр зардаптар – ауыл жұртының жаппай кедейлігі мен ашаршылық, эконмикалық жоқшылыққа қоса саяси қақпайдың орынсыз бөзек етуі, тап айыруда жоғары орта дихан делінген Мо Ян отбасының құтқару астығын аларлық мәртебесінің де болмауы, т.б. оның сәби көңіліне ащы естеліктер түсіреді. Әкесінің әсіре қаталдықпен тізгіндеуі де оны қысым астында өсуге кіріптар етеді. Осы сықылдылар тудырған психологиялық ерекшеліктер оның былайғы прозалық туындыларына да ықпал жасаған.

  Мо Янның балалық шағы түлкі құрсақтықпен, кейде

  аштықпен өтеді. Ашаршылықтың ең ауыр жылдарындаауылдың 18 адамыбір күндеаштан өліпті! Мо Янның үлкен әжесі қайыр да тілепті! Үш көкесі де аштан өлген екен. Мо Янның күтірлетіп «тәтті» таскөмір жеген, ұстап алған тышқанына мәз болып, пысыртып талғажау еткен кезі де болыпты. Мұндай тұрмыс баланы, ақылдылық дәрежесіне қарай, олай да бұлай да жетектейді дей беріңіз. Ақылды Мо Ян азыққа зарығуды өмірге махаббат деңгейіне көтере білген. Өз өмірін, қолынан келсе өзгенің де өмірін мынадай сорлылықтан өзгертуге талпына өскен.

  Мо Янның қарны «Мәдениет зор төнкерісі» аяқтағасын ғана тоя бастайды.

  Ауылдық бастауышта оқыған бала Мо Ян сабақтастарымен жиі қақтығысады, тіпті соғысып та қалады екен. Сірә қатал әкенің мінездік ықпалы мен аштықтың тарылтуынан сырт, өзіне аса сенімділік, өз ойында табандап тұратын қайсарлық, басынан сөз асырмайтын өр мінез сол кезден қалыптаса бастаған сңайлы.Оның 5- сыныпта оқып жүргенде, мектептегі өзіне жақпайтын тарапты сындап, «директорлар мен мұғалімдер – құл иелері, біз оқушылар құлдармыз» сықылды сөздерді де айтып қап, ескерту жазасына тап болған кезі де бар. Бұл мінез кейін келе дүниеге де, қоғамға да сынни көзбен «бірді екіге бөле қарауға» айналса керек.

  Мо Ян, 5 - сыныпта оқып жүргенде, «мәдениет зор төнкерісі» деген апат бұрық ете қалып, оқу тоқтайды. Желіккендер «зауфан» жасауға кіріседі. Ал, Мо Ян Жяухы өзені бойындағы ауыр еңбекке қатысады.

  Ауыр және мағынасыз да бодаусыз еңбектен құтылу үшін үлкен атасынан дәстүри емшілікті екі жылдай үйренген Мо Ян, мәдениет дәрежесінің төмендігінен бірдеңе шығара алмасын сезіп, оны да тастайды. Сосын артқы есік арқылы мақта зауатына таразышы болады. ...

  Мо Ян талай дүниені «құлақпен оқи бастаған». Тайюандық бір жазушының «Қызылсарайдағы түсті» 5 жасынан бастап оқығанын айтқанда, Мо Янның: «Сен көзіңмен оқыпсың, мен құлағыммен оқығанмын» дегені бар. Мо Янның бала бастан естіген ертегілері, пері-дию, жын-шайтан, мыстанкемпір-жезтырнақ, бай-батыр, т.б. алуан тарихи хикметтері өсе келе оның прозасының материялдарына кіріпті. «Сөзге сараң» атанған оны «сөз себетіне» (Хуалоузы,“话篓子”) айналдырыпты.

  Шандоңдағы Гауми – оның туған жері ғана емес, сондый-ақ оның рухани атамекені, әдеби жұрты.

  Гауми – атамзаманнан бері ел арасында таралып келе жатқан ересен романтик хикметтер мен өте ғажайып-ғарайыптарға толы Чимәдениетінің қайнаған жері. Мо Янның жастайынан оқығандарының ішіндегі бірі де бірегейі – осындай мәдениеттің қаймағы, Чиң кезіндегі Пу Соңлиң (蒲松龄③) жазған әңгімелер жинағы «Таңғажайыптардың» (《聊斋志异》, Liáozhāi zhì yì) әсері де күшті болыпты. Чян Лоң④ (乾隆) кезінен бастап реттелген бұл байырғы жинақта, автор халық ішіндегі не не қызықты ертек-әңгімелерді, аңыз-хикаяларды жиып-теріп, оған өзінің жасампаздығын қосып құрап шыққан. Сол тұстағы реал қараңғылықты, ұлықтардың зорлық-зомбылықтарын, іріп-шіруін шешен тіл, шебер баяндаулар арқылы шенеген. Адам мен жын ара махаббат арқылы адамзат мұратын сәулелендірген.

  Ашаршылық, жалғыздық, адамды жалықтыратын бір сыдырғы ауыл өмірі кезінде, Мо Янға ең қызықты әдет кітап оқу болыпты. Оған алуан кітапты Шаңхайда оқитын үлкен ағасы Гуан Мошян(管谟贤) жеткізіп тұрады. Біртіндеп жазушы болу дәмесі қозады. Өзі қатты жарататын түшпараны (饺子) жылына бір-ақ рет жейтін, жайшылықта қарны тоймайтын сәби Мо Ян «Бір жазушы бар екен. Ол әр күнгі үш уақ тамағына ылғи түшпара жейді екен» дегенді естігенде, соған сеніп, жазушы болу арманын тіпті қоздырады. Әуелі, сол сәби көңілімен, таптық күрес жалыны бар, «Жяуләй өзенінің жағасында» атты алғашқы романды⑤ жазуға да кірісіпті. Бірақ бір тарауын ғана бітіріп, артын аяқсыз қалтырған екен.

  Мо Ян: « Кішкентайымнан кітапқұмар болдым. Кейін тіпті көп оқыдым. Әдебиетке қатты құштарлық қозды. ... Қолыма қалам алғасын, ең әуелі айтарымның өте көптігін сездім. Жазумен білдіру ең қуатты және ең еркін болатыны байқалды. Сөйтіп жаза бастадым. ...Жазу арқылы өзімді дәлелдегім, тағдырымды өзгерткім келді» дейді.

  Оқу құмар Мо Ян бастауыштың 3 інші сыныпында «Құрыш қалай шынықты» сықылдыларды оқып әдеби ояну сипатты әсер алады. «Мәдениет зор төнкерісі» басталғасын, өз сөзімен айтқанда, «мектепті тастап үйге қайтуға, сыйыр бағып, шөп оруға мәжбүр болғасын, қолы босағанда “Үш ел хиссасы” мен “Су бойындағыларды”⑥ оқиды, тіпті кітап таба алмағанда “Шинхуа сөздігін” ақтарып», сол арқылы ана тілі мен ата жазуды үйренеді.

  Мо Янның жазушы болуға шындап кірісуі де, қарнының рас тоюы да армия қатарына кіргесін екен. 18 дегі Мо Ян армияға баруға ұдайы үш жыл тізімделіп, әр жылысолақайлар қолымен(тегіне байланысты)қағылып жүріп, 1976 - жылы (енді бір жыл өтсе алынбайтын жасқа кірер 21 інде) әрең өтіпті. Ол армияда кадрлікке көтеріліп бөлімде қалады да, бөлімше (отделение) командирі, хабаршы, кітап басқарушы, оқытушы, қызметші, т.б. жұмыстарды атқара келіп, артынан Армия өнер институтына қабылданады.

  1986 - жылы Азаттық Армия өнер институтын тауысады. 1991 - жылы Бейжин Педагогикалық Университетінің Лу Шүн әдебиет институтының шығармашылық аспирантурасын бітіріп, әдебиет пен өнерден магистрлік дәреже алады.

  Жүйелі оқу орайына ие болған, ең бастысы осыдан бастап қажырлы қайратпен табанды еңбектенген Мо Ян, бүгінге дейінгі ұмтылыстары арқылы әлем әдебиетшілерінің алдынғы легіне енді. Әйгілі әдебиетші, драматорг Мо Ян қазір Жұңго өнер академиясының (中国艺术研究院) әдебиет институтының бастығы (президенті), Жұңго жазушылар қоғамының төрағасына орынбасар, Шяңгаң (Гонконг) ашық университеті сықылды талай орынның құрметті филология докторы не професоры. ... Соңғы айлардағы оған берілген мансап пен атақтарды тізсек тіпті шұбырғалы тұр.

  Әрине, Мо Янның Нобел сыйлығын алуы жалқы жағдай емес. Мо Янарғы томаға тұйықтықты бұзған соңғы 30 неше жылдық реформа мен ашудың мәдениеттік топырағынан, әлеммен ауыс-күйіс күшейген әдеби ортадан, батыл ізденгіш, шөгел еңбектенгіш үздік Жұңго жазушылар тобынан шығып отыр.

  Сондықтан, Мо Янды бұл биікке шығарған өмір ортасы жоғарыда тізбеленгендер ғанаемес. Әйгілі сынгер Лей Да айтқандай: «реформа мен ашу болмаса, 30 жылдан бергі мәдени ауысу, интерактвтік (互动) болмаса, бүгінгі мол нәтиже де болмас еді. Егер тағы да сол өткендегідей қамау (блокада, 封锁), томағатұйықтық өмір сүрсе, әдебиет жалғасты тұрде саяси құрал етілсе, Нобел сыйлығын алу да мүмкін емес-ті. Бұл біз білуге тиісті реалдық» дейді.

  Рас айтады. 80 інші жылдардағы иедея азаттығы мен концепция (观念) қопарылысы болмаса, Мо Ян да болмас-ты. Тудырған дихан отбасы мен ауылдағы, әскердегі 20 жылдық кешірмесіз де Мо Ян жоқ. Әрине, дарынды жазушы Мо Янда төтенше табиғат болмаса да Мо Ян мен оның шығармалары болмас-ты.

  МО ЯННЫҢ ЕҢБЕКТЕРІ

  Қазір Мо Янның «Қызыл гауляң әулеті» (《红高粱家族》) бастаған 10 неше романы, «Мөлдір сәбіз» (《透明的红萝卜》), «Қопарылыс» (《爆炸》) сықылды 20 неше хикаяты жарық көрген. Одан сырт 5 томдық «Мо Ян мақалалар жинағы» (《莫言文集》) және талай өзге туындылары бар⑦ .

  Расын айтсақ, Мо Янның шығармаларын толық оқығандар көп емес. Оқығандардың да бәрі бірдей онікін ұға қойды да дей алмаймыз. Оқырмандар ішінде жазғанды ұқпайтындар, жазғанды ұға алатындар, жазғанға қоса жазылмағанды да ұға қоятындар бар дейміз емес пе. Мо Ян туындыларына келгенде, үшінші түрлі оқырман тіпті аз шығар. Бұл әрине мына мақала авторына да зіл салмақ салып тұр. Сонда да қашқақтамай білгенімізді ортаға салғанды жөн көрдім.

  Мо Ян 1981-жылы күздетырнақалды әңгімесін («Көктемгі түннің жаңбыры құя бастадыны»,《春夜雨霏霏》) жариялаған еді. 1982- жылы «Сұйкімсіз жауынгер» (《丑兵》) мен «Бала үшін» (《为了孩子》) дейтін әңгімелері жарық көрді.Осыдан кейін «Мақта сату даңғылы» (《售棉大路》), «Халық әуені» (《民间音乐》, 1983), «Аралдағы жел» (《岛上的风》), «Жауындағы өзен» (《雨中的河》, 1984) дейтін әңгімелері оқырмандармен қауышты.

  1985- жылы «Мөлдір сәбіз» (《透明的红萝卜》) хикаяты жариялана сала жаңғырық (аңыс, 反响) шықты да, осыған орай арнайы семинар (讨论会) өтті. Осы жылы әлденеше мерзімді басылым «Доп жасын» (《球状闪电》), «Алтыншаш бөбек» (《金发婴儿》) хикаяттары мен «Суалған өзен» (《枯河》), «Ескі мылтық» (《老枪》), «Боран» (《大风》), «Үш ат» (三匹马), «Күзгі су» (《秋水》) сықылды әңгімелерін жарыса жарық еткізді.

  1986- жылы «Мөлдір сәбіз» атты әңгімелер жинағы мен «Қызылгаулян» (《红高粱》) хикаяты жарық көріп күшті дүмпу қозғады,тіпті әдебиет әлемін дүр сілкіндірді. Іле-шала «Гаулян арағы» (《高粱酒》), «Гаулян жаназасы» (《高粱殡》), «Ит сүрдегі» (《狗道》) сияқты әлде неше хикаяттар мен әңгімелерді дүниеге әкеліп үлгерді. Атақты режиссер Жаң Ймо мен бірге «Қызыл Гауляңды» кинофилм сценариясына айналдыратыны да осы жыл.

  1987 - жылы «Қызыл гаулян әулеті» (《红高粱家族》) романы жариялана сала сынға ұшырады. Сын болғанда да, қалыпты шолу емес, кәдімгідей сөгіске (批评) душар болды. Бірақ Мо Яноған бола жасыған да, тосылған да, өз бетінен қайтқан да жоқ. Керісінше, осы жылдың күзінде, тіпті үдеп, төтенше даралық стилі мен батыл да күфірлік (шиеду, 亵渎) рухы бар «Қызыл шегірткесін» (《红蝗》) жариялап кеп жіберді. Сол-ақ екен, қасаңдыққа дағдыланған ескішілдер түгіл, жаңа ағыншылдарға жататын сыншы-шолушылар да оны қабылдай алмай, өре түрегеліп, романды қалың сөкпе мақалалардың астынан алды-ай кеп. Талай сынгерлер,тек әлде неше жіл өткесін ғана, Мо Янның бұл еңбектеріне деген әуенін құптауға өзгерте бастады.

  1988 - жылы «Қызыл гаулян» кинофилмі Берлин кинофестивалында «Алтын аю» сыйлығын алып, дүние назарын Жұңго филміне бұрып кеп қалды. Осы жылы Мо Янның «Кек алу» (《复仇记》) сықылды тағы бірнеше шығармалары жарық көрді және Шандоң университеті, Шандоң педуниверситеті, Гауми ауданымен бірлесе отырып, Мо Ян шығармашылығы туралы семинар (研讨会) өткізді, артынан семинарда оқылған рефараттардың (论文) жинағын «Мо Ян зерттеу материялдары» деген атпен басып та шығарды. Осы жылы, «Қопарылыс» (《爆炸》) атты әңгімелер жинағыжарық көрді және Бейжин Педуниверситеті Мо Янды шығармашылық аспирантурасына қабылдады.

  Байқап отырған шығарсыз, Мо Янды қолдаушылардың көрегендігі мен жүректілігіне, Мо Ян ғана емес, бүкіл Жұңго әдебиет дүниесі де рахмет айтуға тиісті. Өйткені, өзге елден сыйлық алғандар мен ел ішінде сөгіске ұшырағандардан ат-тонын ала қашатын, үріп ұрттағыш, екі шоқып бір қарағыш дірдекбай билер мен сарашылар ол тұста көп еді. Әрине ондайлар әлі де бар.

  1988 - жылы, «Он үш адым» (《十三步》) жарияланғанда, тек бір-екеу ғана оны нағыз авангард (“先锋”) шығарма дей алды.

  1989 - жылы, Мо Ян әрі Тәйуаннан әңгімелер сыйлығын алды, әрі хикаяттар жинағы (《欢乐十三章》) мен «Сенің қылығың үрейлендіреді» (《你的行为使我恐惧》) атты хикаятын жарыққа шығарды. Келесі жылы тағы бір хикаятын (《父亲在民夫连里》) оқырмандарға ұсынды.

  1991-1999 жылдары, Мо Янның «Арақ ұлысы» (《酒国》), «Оттаушылар әулеті» (《食草家族》), «Етжеңді» (《丰乳肥臀》), «Қызыл орман» (《红树林》) атты романдары, «Ақ мақта» (《白棉花》) бастаған 10 неше хикаятымен «Балық базары» (《鱼市》) қостаған 20 дай әңгімесі жарық көрді.Атақты «Көпшілік әдебиет сыйлығы» (大家文学奖) мен Берлин кино фестивалының «Күміс аю» сылығын алуы да осы тұстің орта шені.

  2000 - жылы «Қызыл гаулян әулеті» (《红高粱家族》) «Азия апталығы» тарапынан 20 - ғасырдың хән тілді 100 үздік проазасына енді. Келесі жылы «Сандал азабы» (《檀香刑》) Тәйуан газеттер құрамасы тарапынан жылдың ең үздік кітабы сыйлығын алды және Шандоң университетінің әдебиет пен журналистика институты адюнкт (қосымша қызмет өтейтін,兼职) профессорлыққа шақырды. Келесі жылы оның қазіргі заман әдебиет мамандығының аспирант жетекшісі болды.

  2003 - жылы «Сандал азабы» Диңжүн қосжылдық әдебиет сыйлығына (鼎钧双年文学奖)⑧ ие болды.

  2005 - жылы, Мо Ян МауДүн әдебиет сыйлығынан тағы қағылып қалғанымен, «қырық бір пистолеті» (《四十一炮》) екінші кезекті хән тілді әдебиет сыйлығының үздік нәтиже жүлдесін жеңіп алды. Осы жылы Шяңгаң (Хоңкоң) ашық университеті әдебиет құрметті докторлық дәрежесін берді. Италияның халықаралық әдебиет Нонино (诺尼诺) сыйлығына қол жеткізді.

  2006 - жылы «Өмір мен өлімнің қалжырауы» (《生死疲劳) атты жаңхұй (章回)⑨ романы Фукуока (福冈) азия мәдениеті зор сыйлығына қол жеткізді.Осы жылы тағы Чиңдау университетінің мейман (客座) профессоры болды.

  2007 - жылы «Сөйле Мо Ян» (《说吧,莫言》) атты, 3 томдық Мо Янның ішкі дүниесін жайып беретін нәсірлер (散文) жинағы жарық көрді.

  2008 – жылы«Өмір мен өлімнің қалжырауы» екінші кезекті «Қызыл сарайдағы түс сыйлығын» алды.

  2009 - жылы, бөлек тәсілде жазылған, төрт ұзақ хат пен бір драмадан тұратын «Құрбақа» (《蛙》) романы оқырмандар қолына тиді.

  2011- жылы «Құрбақа»романы сегізінші кезектік МауДүн әдебиет сыйлығына ие болды және Мо Ян Жұңго жазушылар қоғамы төрағасына орынбасарлыққа сайланды (Ол қазір ана жылдан бері үстіне алған Жұңго өнер академиясының әдебиет институтының президенттік міндетін жалғасты өтеуде).Мо Ян шығармаларының талайы еуропа тілдеріне аударылған. Туынды тиражы ең жоғары.

  2012 - жылдың 11інші қазан күні Бейжин уақыты 19 сағатта, Мо Янның Нобел әдебиет сыйлығын алғандығы әлемге жарияланды. Дәл осы сәтте, Бейжин педуниверситетінде халықаралық жазушылық орталығы құрыландығы жарияланып, оған ұялас (алумнус, мектептес, ) Мо Ян бастықтыққа тағайындалды.

  Жұңго әдебиетшілерінде күшті «Нобел комплексі» (түйін,情结 ) талайдан бері бар-ды. Әуелі, мына ғасыр басталғалы бері, ішкерідегі кей атақты баспалар «Нобелге аттану» атты кітаптар тізбегін де (сериясын да) шығарды. Ол осызамандық, Нобел сыйлығынан үмітті Жұңго жазушыларының талайын қамтыған (оның ішінде «Мо Ян томы» да бар) болатын. Бірақ әр жылы қазан айына келгенде талайы салы суға кеткендей сезінісетін. Оларға Нобел әдеби сыйлығы қолжетпес хикметтей көрінетін. Биыл бұл түйін шешілді.

  Нобел сыйлығына А. Нобелдің кескіні бейнеленген алтын медаль, диплом және ақша берілді. Берілетін ақша Нобель қорының (фондының) кірісіне байланысты(Бұл жолы Мо Янға тиген сыйақы 7 миллион 500 мың юан). Нобелдің 1895 - қарашаның 27 - күні жазған өсиетхаты бойынша, оның капиталы (алғашында 31 миллион швед кроны) акцияға (股票), облигацияға (债券), несиеге салынған екен. Осыдан түскен табыс бірдей бес бөлікке бөлініп, физика, химия, физиология немесе медицина, әдебиет және бейбітшілікті нығайтуға бағытталған үздік жетістіктерге беріледі. 1901 - жылдан бері Нобел әдебиет жүлдесі 100 ден астам жазушыға беріліпті.

  Бұл сыйлыққа кандидаттарды Шведция иституты не соған тектес ЖОО (高校) лар мен зерттеу орындары, олардағы әдебиет пен лингвистика профессорлары, Нобел сыйлығының бұрынғы иегерлері, мемлкет дәрежелі жазушылар одағының төрағалары ғана ұсына алады.

  МО ЯНҒА БЕРІЛГЕН БАҒАЛАР

  Әдеби құндылығы жағынан алғанда, Мо Янның қазіргізаман Жұңгодағы ең көрнекті жазушылардың бірі екеніне шәк жоқ. Ол 1981 - жылы жариялаған тырнақалды туындысынан бері тасқындаған елескерлік пен жасампаздық қуатын сақтап, осызамандық әдебиет айдынында орны бөлек бәйтерек болды. Ол, «тек қуу әдебиеті» қатты қайнаған тұста, осы ағынның уәкілдік шығармасы саналған, 1985 - жылғы «Мөлдір сәбізінен» соң жұрт назарын өзіне қатты тартты. 1986 - жылғы «Қызыл гауляны» өнер әлемін дүр сілкіндірді. Екі жылдан соң осы негізде жасалған аттас кинофилм, Берлин кинофилм мерекесінде «Алтын аю» сыйлығын алып, режиссордың да, Мо Янның да атын ел іші-сыртына аспандатты. Осыдан кейін, «Етжеңдіден» тартып «Құрбақаға» шейін, бірталай романдарды жариялап, Лу Шүн әдебиет сыйлығын да алып, әдебиет айдынындағы маңызды орнын бекемдей түсіп, өз әдеби аумағын қалыптастырды.Әрине Нобел сыйлығын мұндай жазушы алмай кім алушы еді.

  Атақты жазушы Уаң Мың (王蒙) : «Мо Ян – туындылары ел іші-сыртында зор ықпал тудырған, жұңголықтардың қазіргі буынына толық уәкілдік ететін жазушы. Мо Янның бұл сыйлыққа ие болуы Жұңгоның қазіргі заман жазушылары мен әдеби табыстарының дүние назарын тартқандығының айғағы» депті.Әйгілі әдеби сынгер Ли Жиң-й (李敬泽): «Әдеби көзқарасың қалай болса олай болсын, әйтеуір бұл қуанатын сәтің, Жұңголық жазушы тұңғыш рет Нобел сыйлығын алып отыр. Жұңго әдебиетінің дүние әдебиетімен соны диалогы басталды» деген екен. Олары рас.

  Интернетте Мо Ян жайлы бағалар, құттықтаулар соншалық көп. Оны санап беру де мүмкін емес. Бірақ бір ортақтық – Мо Ян әдебиетінің сыншылдығы туралы көптің көңілі құптаулы үн көтеруде. Олар «Жазуға, адамды жазуға аяқ басқан қаламгер әр алуан қоғамдық мәселелерді қамтиды. Сондықтан оның жазғанының сыншыл болары табиғи. Шындық, ізгілік, сұлулықты жырлағанда сын-сөгіс те маңызды функция (功能) болмақ» десіп жүр олар.

  1994 - жылы Нобел әдебиет сыйлығын алған, осы жолы Мо Янды сыйлыққа ұсынушылардың бірі, Жапония жазушысы, Мо Янның досы Кенжабуро Ое, 2006 - жылғы Бейжиндегі бір сөзінде: «Мо Янның күшті жасампаздық қуаты мен қолжеткізген әдеби табыстары оны Нобел сыйлығына ең әлеуетті жұңголық үміткер етеді» деген болатын. Айтқаны келді.

  Кенжабуро 2002 жылы, шағанды Мо Янмен бірге Гаумиде өткізді және Мо Янның тәтесіне сәлем берді. Мо Янның «Құрбақа» романындағы баскейіпкердің прототипі – осы тәтесі, ал ондағы жапондық дос Сейгино Сугитани (“杉谷义人”) – осы Кенжебуро. Кенжебуроның Мо Ян шығармаларымен танысуы ол туындылардың Жапонияда аударылып, басылып, таратылуына байланысты. Мо Ян – туындылары жариялана сала, бір-екі жылға бармай шет елдерде ең жақсы аудармасы жарық көре кететін жұңголықтардың бірі. Бұл әрине Нобел комитетінің оны уағында және дәл түсінуіне пайдалы. Бұған шетте жүрген жұңголықтардың (葛浩文, 陈安娜 сықылдылардың ), синологтардың (Kyatto Den Tomio, Фужи, т.б.) үлесі де зор болды. Қазіргі Жұңго жазушыларының ішінде Мо Янның шеттегі танымалдық дәрежесі де, оқырман саны да маңдай алды. Бұл, әрине, оның атын тіпті жайып, бүгінгі марапатқа таған болды.

  Жапон ғалымы Куашима Асутория (桑岛道夫): «Мо Янның тарихқа көзқарасы, мифтер мен ғажайыптарға толы баяндау стилистикасы – дүние әдебиетіндегі керемет іс. Мо Ян әдебиеті сәтсіздікке мойымай өмір сүре беретін адамнан басталады. Мо Ян – әдебиеттің құдіретіне сенетін жазушы» десе, Германия әдебиет айдынының алыбы Мартин Вал: «Ол – дәуіріміздің Фолкнермен (福克纳) үзеңгілесе алатын ең маңызды жазушысы. Ал, Мо Ян Германия әдебиетшілеріне Жұңго қаламгерлерінің қарама-қайшы, жіп тағу қиын сипатын әйгілеп отыр. Кей шолушыларға бұл Жұңгоныңбіз ойлағаннан да асқан күрделі беталысын әйгіледі, германия қоғамы Жұңгоға қаратылған қасаң, клише-шаблондық (陈词滥调和刻板) әсерлерден айығуы керек дегізіп отыр» депті. Ал, Швеция әдебиет институтының мәңгілік хатшысы Петер Енглунд: «Мо Янның әдеби туындылары төтенше назармен төтенше ортаны көрсетті» деп қарайды.

  Ресейдегі шеттілдер әдебиеті кітапханасының қожайыны Экатрина Гниева: «Құрметке лайық және әйгілі әдебиет докторы Мо Янның сыйлық алғаны үшін қуаныштымын. Өкініштісі оның аты Ресейде тым шыға қоймады. Бұл жәйіт те өзегерер. Аудару институты құрылды емес пе. Олар Нобел сыйлығының иегерлеріне тіпті назар бұратын болар» депті.

  Әдебиет өңіріндегі Нобел жүлдесі – швед инженер-химигі, өнертапқыш және өнеркәсіп иесі Алфред Нобел ұйымдастырған, жыл сайын, Швед Королдық Ғылым Академиясындағы (ШКҒА) Нобел комитеті шарттарға толады деп санаған, дүние жүзіндегі ең үздік әдеби авторға (Нобелдің өз сөзімен айтқанда, «Әдебиет әлемінде идеал тренді (理想倾向) бар ең жақсы туындылар авторына»), жеке шығармасы үшін емес, әдебиетке қосқан үлесі үшін берілетін сыйлық. Ендеше Мо Янға ең басты баға–Мо Ян әдебиетке идеал тренді (理想倾向) бар ең жақсы туындылары арқылы үлес қосқан үздік жазушы.

  Бұдан да ашалай түскен дәл бағаны ШКҒА дан табамыз. ШКҒА ның сыйлық беру сөзінде Мо Янды «Магик реализм⑩ мен фолклорды⑪ , тарих пен осызмандық қоғамды тығыз біріктірген. Оның шығармаларындағы дүние Фолкнер⑫ мен Маркес⑬ туындыларының құйылысын (фузионын, 融合. – С.Ж.) еске салып, Жұңго дәстүри әдебиеті мен ауыз әдебиетіненшығар нүкте табады» депті.

  Нобел сыйлығын бағалау комитетінің төрағасы Рошелле: «Мо Янның туындыларын сиқырлы реализм десек, оңтүстік Американың әдебиет алыбы Маркес оп-оңай еске түсіп, ол Маркестің туындыларын дорады ма (подражать,模仿) деп қаласың. Бірақ, ісжүзінде, Мо Ян Маркесті дорағаны жоқ, Мо Янның Жұңгода туылған уақиғаларға өзіндік суреттеу әдісі бар. Ол фантастика мен реалдықты ұштастыруда тіпті Маркестен де озып кетті» деген.

  Мо Янның өзі бұл бағаны терістемейді. Ол: «Бұл екі ұстаздың (Габриэль Гарсиа Маркес пен Уильям Фолкнер. – С.Ж.) жазу стилінің маған әсер еткеніне шәк жоқ. Олардың жазғандары маған ес енгізді, әдеби туындыны былай жазса да болады екен дегізді. Сол кезде-ақ, бұлардан тезірек алыстауым керегін, таяп кетсем өзімді жоғалтатынымыды аңғардым. Оларқайнап, атылып жатқан екі жанартау-ды. Тым таясам балқимын ғой, алыстайын, қанша шалғайға кетсем сонша жақсы дедім» дейді. Бұл әрине тек «болмасаң да ұқсап бақпен» шектелетін, тіпті кешегілерге еліктеумен, оларды дораумен ғана мәз болатындарға тамаша үлгі.

  Мо Ян торбеттеріндегі (интернеттегі) өзінің Нобел сыйлығын алуына орай қозған айтыс-тартыстарға да дұрыс қарайды екен. Ол: « Интернеттегі мені қолдаған, маған дем берген торшы достарға да, мені сындаған торшы достарға да рахмет айтамын. Бәрі де маған көмек. Тордағы жарым айға жуық жалғасқан шайқас өзімді тануымның таптырмас орайы болды. Қай тараптарда олқылығым, кемшілігім барын білдім. Қайсы бағалы дүниелерді өрістетуім, оларға табанды болуым керек екенін ұқтым. ... Бұрынғы жазық медия (平面媒体) дәуірінде, жазушылар өзін соншама көп адамның ұнататынын да, жек көретінін де біле алмайтын. Жазушылардың тұңғыш рет қалың оқырманға бетпе бет келуі – интернет дәуірінің ерекшелігі. Сыйлық төңерегіндегі дебат-айтыстың маған жәрдемі зор болды, сыртқы адами көңілді де, менің өзімді де шағылыстырды, жаңғыртты. ... Менің 1987 - жылғы туындым – жастау, шалқыған көңіл асқақтаған кездегі, менің қоғамға көзқарасыма уәкілдік еткен шығармам. Әрине, біржақтылы тұстары бар шығар, дегенмен менің әдеби ұстанымыма негізінен уәкілдік ете алады» дейді.

  Мо Янның «Қызыл гауляң әулеті» (《红高粱家族》), «Етжеңді» (《丰乳肥臀》) сияқты әлде неше туындылары ағылшын, француз, неміс, жапон, испан, корей, ветнам сықылды 10 неше тілге аударылған. Мо Янның үш шығрмасы кинофилмге айналдырылған.Мо Янның бір баланың назарымен суреттегені үшін мектеп оқушыларына психологиялық жақтан таяу келетін «Мөлдір сәбізі» (《透明的红萝卜》), Лу Шүн (鲁迅)、Шын Соңуін (沈从文)、Лау Шы (老舍) шығрмаларымен қатар, орта мектептің факультативтік (таңдап оқылатын) тіл-әдебиет сабағына енгізілді. Жұңго осызаман әдебиет тарихының оқулығы да өңделетін болды. Енді Цау Иүй (曹禺)、Ба Жин (巴金)、Лау Шы (老舍), Лу Шүндер (鲁迅) сықылды, Мо Ян да арнайы тарау боп, оған «Қызыл гауляң әулеті», « Етжеңді», « Өлім мен өмірдің қалжырауы» сықылды шығармаларының таныстырымы жазылмақ. Бұлар да жай баға емес, әрине.

  Қазір Мо Янның жұртында «Мо Ян әдебиет мұражайы» бар. Кезінде Мо Ян істеткен үстел, үстелшырақ, көне комьпютер сықылдылар түгел сол араға апарылған.

  Бір зерттеуде Мо Ян ең қуатты және ең ауқатты жазушылар тізімінің ең алдына шықты. Оның артында Иүй Хуа (余华)、Шы Тешың (史铁生)、Алай (阿来) және Уаң Әнійлер (王安忆) бар. Бұл да өзіндік бір жағын түсіндіреді.

  Қысқасы қазіргі Жұңгода Мо Яндай баға мен мәртебеге шыққан жазушы кемде-кем

  МО ЯННЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

  Мо Янның өзі:

  «Роман, повест, әңгіме – үш бірдей ат жегілген,

  күйме тартып барады, үздіксіз мені тебінген» -

  дегеніндей, әр түрлі де көп туындылы оның шығармаларын нақтылай талдау, мына шағын мақала түгіл, бұл мақала авторының өзі де қиналатын ауыр міндет. Сондықтан оларды сыншыларға беріп, тек сауаттық таныстыру ретінде, Мо Янның тұтас та сырт тұлғасынан алғанда қандай ерекшелікке ие жазушы екеніне ғана қысқаша аялдайық.

  Мо Ян –Жұңго әдебиетіндегі, әу бастан өзге жазушыларға ұқсамаған,тіпті олардан парқы өте айқын, жасампаздық қуаты дамылсыз тасқындаған, туындылары арқылы әдебиетте қатты дүмпу қозғаған, оған стилистика жағынан да зор үлес қосқан, әдебиет тарихы тұрғысынан алғандақазіргізамандық Жұңго әдебиетінің бастыуәкілдерінің бірі саналатын, Жұңго әдебиет зерттеу қамбасын молықтыра түскен, Жұңго реалдығына (тіпті өз ауылына) табанын мықтап тіреген,дәстүри әдебиет бөгетін (барьер) бұзуда зор қайраты бар, бірақ Жұңголық (4 інші мамырдан бергі) жаңа әдебиет дәстүріне (гуманизмнің әлемге ортақ құндылықтарына) жақсы мұрагерлік еткен,тұсаусыз да жанкешті, дарынды да еңбекшіл қаламгер, сондықтан да әдебиет айдынының еңбек ері.Оның Нобел сыйлығын алуының илантқыш күші де осы сықылдыларда тұр.

  Мо Ян –күшті фантастикалық қуатқа, батыл инновациялыққа ие, көп қырлы, аса хиялшыл да елестеткіш, бейнелеуге шебер, дарынды жазушы. Рошелленың: «Ол фантастика мен реалдықты ұштастыруда тіпті Маркестен де озып кетті» дегені рас. Мо Ян өз прозасында төтенше субьектив сезім әлемін жасайды, дүлдүл⑭ мініп ғарышты шарлағанды баяндайды, бөгделей (дефамилияризациялай⑮ ,陌生化) жайғастырып, сырлы трансзендентті (超验, transzendent) обьектив дүние сомдап, айқын ауангарттық (先锋) рең береді. Талай сыншылардың оны сиқырлық реализм (魔幻现实主义) әсеріне қатты ұшыраған дейтіні осыдан. Бұл арадағы трансзендентті дүние деген – білімнің немесе саф рациональдың обьекті емес, тәжірибе шегінен сыртқы дүние, ниеттің немесе практикалық рационалдың қажетті тұспалы, тіл ойыны мен психологиялық ымы.

  Мо Янның сиқырлы реализмі – жұңгоша сиқырлы реализм.Оны мыналардан да көресіз. Мо Ян прозасының ең басты үлесі – барлық кейіпкерлерін антропологиялық аяға қайтарып, адамды жануар, тіршілік, алғашқы тірлік иесі етіп, мәселелерге социологиялық, этикалық әдіспен қарауды бұзуында, бұқара күйін бақылаушы санатында емес, бұқараның бірі ретінде суреттеуінде. Мысалы, «Өлім мен өмірдің қалжырауында» бір адам талай құбылады – адам да, жылқы да, сыйыр да, есек те бола береді. Ол шығармаларында бірсыпыра жануарды сөз ете келіп, со барыста Жұңгоның ертегілеріндегі жан иелері ара ауу-азу іспетті (қазақ халқында да аққудың аруға айналуы сықылды ертегілік мазмұндар көп қой) реинкарнациялық доктринаның (转世轮回主义) ықпалдарын жаңғыртады. Жұңгоның «батысқа саяхаты» (《西游记》) сықылдылар да - сиқырлы реализмнің типтік уәкілі емес пе.

  Рошелленің «ісжүзінде, Мо Ян Маркесті дорағаны жоқ, Мо Янның Жұңгода туылған уақиғаларға өзіндік суреттеу әдісі бар» дегенінен-ақ байқаған шығарсыз. Мо Ян табанын өз қара топырағынан (тіпті өз жұртынан) көтермеген, назары мен ой арпалысын ең әуелі өз маңына қадаған. Сосын барып ондағы уақиғаларды өзіндік суреттеу әдісімен баяндауға, одан асып оларын әлемге ұлауға кіріскен.Мо Ян тұрған ауылынан (100дей отбасы, 700дей жаны бар шағын ғана қыстақтан) ұшқыр ойы арқылы жасанды дүниені, творчестволық алаңды, Мо Ян рухи идеялының төркінін қалыптастырған.

  Мо Ян: «Менің жұртыммен әдебиетім тығыз кірігулі. Гаумиде лаймүсіндер, қағаз қиындылар, мерекелік сызбалар, гулеген әр алуан сөздер сықылды халық өнері бар. Халық өнері, халық мәдениеті мені есейтті. Бала кезімнен құлағыма кіріп көзіме түскен осы мәдени элементтер. Қолыма қалам алып жазуға отырсам-ақ, бұл мәдени элементтер менің туындыларыма ене жөнеледі. Бұлар тіпті менің туындыларымның өнери стилін де бекітті. ... Бұл (Нобел сыйлығы. – С.Ж.) – әдебиетті себеп еткен әдеби сыйлық. Бағалау комитетіндегілерді бастысы менің туындыларымдағы әдеби бітім (素质) әсерлендірген. Менің шығармаларым әрі Жұңго әдебиеті, әрі дүние әдебиетінің бір бөлігі. Менің туындыларым Жұңго халқының тұрмысын, Жұңгоның ерекше мәдениеті мен салтын суреттеді. Сондай-ақ менің шығармаларым кең мағынадағы адамды сомдады. Бастан аяқ адамдық тұрғыдан бастан аяқ адамды жаздым. Меніңше мұндай туындылар региондық, этностық, нәсілдік шектерден аттап кетеді» дейді. Мо Янның мұнысын еңбектерінің аты мен заты ғана емес, мына сөзі де айқындай түседі. Мо Ян тілшілерге: « Қарын тоймайтын жылдарда, бұл маңда гаулян көп өсірілетін. Қызыл гаулянның тұла бойы алтын болды. Ұнынан тоқаш пен бунан (уоуоту) пісіріп жейтін немесе арақ ашытатын, жапырағы мен сабағын сыйырға жем қылатын немесе бойра тоқитын, сібірткі жасайтын, кептірілген тамыры отын да болушы еді» дейді. Сіз Мо Ян шығармаларынан «қызыл» мен «гаулян» атауларының жиі кезігетінін және оның атының осы жүйедегі шығармалары арқылы шыққанын әбден білесіз. Кейін, тұрмыс оңала келе, бұл маңға, гауляң емес, басқа дақылдар – бидәй, бұршақ, жүгері немесе көкөніс, мақта егетін болыпты. Гауляңнан ашытатын арақ та қоса жоғалған көрінеді.

  Жұңгоның Мо Ян сықылды ысылған қаламгерлері, шетелдік ең үздік жазушыларға да таяз ұстаныммен үңілмейді, беттік әсерге қызықпайды, қайта өз туындылары арқылы жоғары сатыдағы диялогпен рухи байланыс жасап, жоғары сатыда үн қатып, қару айтады (кері байланыс – обратная связь жасайды). Мысалы, Мо Янның «қызыл гаулян әулетінен» («қызыл гаулян кланынан»,《红高粱家族》) «Құрбақасына» (《蛙》) дейін қарасаңыз, Латын Америкасының сиқырлы реализмінің ықпалына ұшыраған, бірақ ол ықпал тек ынталану нүктесінде, қозу нүктесінде ғана, шабыттану сатысында ғана рөл атқарған. Артынан Мо Яндікі олардың туындыларынан озған. Аса сезгір Мо Ян Латын Америкалық (классикке айналған алып) жазушыларғатән туындылардың ең түпкілікті сипатының ұжымдық ессіздік (无意识,бессознательный) екенін, содан барып олардың тіпті де тереңге шұңғи алмағанын байқай қойған. Бұл Мо Янға керемет зор қуат бағыштаған. Оның үстіне ол кезінде (өткен ғасырдың 80-90 жылдарында) «ертек айтушылар – романшылар емес» дейтіндердің сөзінен қаймықпай, өз бетінен таймай алға баса берген.

  Мо Ян өзі туылып өскен ауылынту етіп, осы бір жердің табиғатын, тұрғындарын - жасық ері мен жазықты әйелдерін, содыр-бұзақыларын, батыр-батылдарын, ақылгөй-шешендерін... түгел жазып, бір «әдеби республиканың» шаңырағын көтеріп, өзі соның бәріне «елбасы» санатымен жетекшілік еткен.Мо Ян – ауылдықтардың көңілін, өмірін түсті де үнді тілмен, бай тарихи сезіммен, жанашырлық, зорлық, юмор араласқан жанды келбетпен баяндаған.

  Мо Ян, 1949 - жылы Нобел әдебиет сйлығын алған, АҚШ тың ең ықпалды жазушысы Фолкнердің⑯ ең әйгілі туындысы «Үн және ыза (шуыл мен дүрлігіс)» дегенінің ханзуша аудармасын оқығасын, кепкісін аспанға атып, тың ойға бекіген көрінеді.Сөйтіп, Мо Ян қаламының күшімен, пәлендей ерекшелігі жоқ табиғи жағрапиялық мәндегі Мо Янның ауылы «жер шарындағы сулулық пен жексұрындық, бейдәстүрилік пен фәнилік, сафтық пен былық, ерлік пен ездік, араққұмарлық пен махаббат, зорлық пен қарсылық, қорқақтық пен жанкештілік, кешірім мен кек, арамдық пен жыныспаздық (құймырлық пен күйтшілдік) шегіне шыққан әдеби жағрапиялық мәндегі жерге айналады. Мо Янның бар шабыты осы ауылдан қозғандай байқалады. Бірақ ол өз ауылының тәптішті реалдығын да, әсілдік келбетінің көшірмесін де бермеген. Оның бергенінен физикалық пен метафизикалық ұаштасып, халықытық, өміршеңдік, тотем, жаратылыс құдіреті, босхиял (рапсодия,狂想), зорлық, ататек, тарих, қанды із сықылдылар жыпырлайды. Демек, Мо Янды «ауыл жазушысы» (“乡土作家”) немесе «мәдени тек қуғыш жазушысы» (“文化寻根作家”) деген атқа ғана сыйдыра салу да келіспейді.Мо Ян туындылары материялдық қасиетке ие.

  Оны, ішінара шетелдік әйгілі жазушылардың шығармашылығына ұқсайтын тарапына ғана қарап, Жұңгоның Карсия Маркесі⑰ деу де келісе кетпейді. Өйткені ол, әлем әдебиетінен үйрене тұра, оларға құр еліктеп, оларды жай дораған жоқ. Шетел әдебиетінің құнарын (дайджест, 精华) ғана алып, негізінен Жұңгоның дәстүри эстетикалық әдісі мен халықтық мәдени күйіндегі кенеуге сүйенді. Ол өзгенікінің сол беті сіңбесін, қалайда олардікін өз бойыңа айналдыру, өзіңе жұмсау қажетін әбден білетін. Мо Ян шеттен, өзгеден үйренген, бірақ теректің бәйтерекке айлануы үшін тамырын өзі тұрған жерден тереңге тартуы қажетін есіне мықты сақтаған..

  Жоғарыдағы Рошеллоның Мо Янда «Жұңгода туылған уақиғаларға өзіндік суреттеу әдісі бар» дегені де талай мазмұнды қамтығалы тұр. Бұл сөзімізге азырақ мысал ала кетейік.

  Мо Янның өзіндік стилистикасы мен әдісі бар. Мо Янның стилистикасы да керемет және қызықты. Ол «жеңіл» арқылы «ауырды», көңілді әдіспен жапаны келістіріп жаза алады. Бояуы қанық - ақ пен қараны, тәтті мен ащыны, сүйгі мен ызаны арасын алшақ етіп баяндайды. Жұңгодағы әлде неше баяндау түрінің (реал баяндау, ұғымдық баяндау, аңыстық баяндау, стилистикалық баяндау, т.б.) ішінен Мо Ян көбінесе стилистикалық баяндауды пайдаланады. Бұл оның бір өткір қыры. Ол айтып жатқан әңгімесінде, сөзін ашық стилистика арқылы мықтап тізгіндеп, сиқырлық⑱ сезімді қоздырады, реал сезімді де береді.Ол тағы мейрімсіз эстетиканы (残酷美学) пайдаланып, өзге талайдың өзіне еліктеуін қатты қиындастырады.Мо Ян прозасыноқыған жандардың есінен «тарих», «реалдық», «ауыл», «халық», «зорлық», «ирония» (истихзат, сиқырлық) сықылдылар кете қоймайды.Ол заттық дүниелерді тәптішті жазып, сөзден материяға тез де тіке өтіп, онысынан әр алуан дауысты, әр түрлі реңді шығарады. Тіпті махаббатты да сөйтеді.

  Мо Ян тарихи дүниелерді реалдыққа, өз айтарына пайдалану әдісіне де шебер. Мо Ян: «“Таңғажайыпты” оқыған соң келген шабыт “Қызыл гауляң әулеті” дейтін кітабымдағы “менің әжемнің” бейнесін сомдаттырған еді» дейді.Мо Ян сүйе де, өшіге де білетін “менің әжемді” Пу Соңлиң прозасындағы өз бетімен емін-еркін кеткен әйелдің образыәсерлендірген соң жазған көрінеді.

  Ол ерекшелік пен ортақтықты тығыз ұштастыруға ұста. Әрине, Мо Ян әдебиет пен өнерде ерекшелік қана болып, ортақтық көрінбесе де келіспейтінін әбден біледі. Бұл ортақтық – адам ортақтығы, адамилықтағы ортақтық. Мо Янның: «Өзге елдердегі оқырмандар Жұңго жазушыларының прозаларынан Жұңгоның саяси, экономикалық, т.б тараптарындағы реалдықты білгісі келеді. Дейтұрғанмен, талай оқырманның туындыларымызды әдеби назармен оқитынына, егер келістіре жаза алсақ, бұл шеттегі оқырмандардың романдарымыздағы нақты ахуалды (ситуацияны) ұмытып, ондағы кейіпкерлер бойынан өздерінің көңілі (эмоциясы) мен идеясын аңғаратынына кәміл сенемін» деуі де орынды-ақ. Бүкіл адамзат тегіс сезінерлік эмоцияны білдіру – туындының ортақтыққа қол жеткізгені. Мо Янды шетелдердегі қалың оқырманға ие еткен де, Нобел сыйлығына қолын жеткізген де – оның туындыларындағы осы әрі жұңголық, әрі дүниелік сипаттың тығыз ұштасуы.

  Осы арада ұлттікі мен дүниенікі ара бірлік те көрінеді. Мо Ян өз ұлтына тән дәстүри әдебиет пен халықтық мәдениетті саналы түрде ырықтылықпен жақсы қабылдаған. Мо Янша ұлттікі бола алса ғана дүниенікі бола алады. Әдебиет пен өнер өңірлік түске, өз ұлтындық стилге, өз мәдениетіндік таңбалар мен баяндау әдсіне айқын ие болуы шарт. Мо Ян: «Егер менің туындыларым шетелдерде сәл-пәл ықпалға ие болса, ол менің шығармаларымда даралықтың болуынан, тілдік даралық мендік проазаны қанық жұңголық түске бояғандығынан. Менің туындыларым шынында да осы топырақтың өзінен өніп өсті.Менің дүниеге баруымның маңызды бір себебі – топырақ» деп шынын айтады.

  Расына келсек, Мо Янның ойынан авангарттық пен жергіліктік (本土性), сынағыштық (экспериментшілдік) пен ұлттастыру айқасқандай, тірескендей, қозысқандай көрінеді. Дейтұрғанмен ол ұлттастыру, жерліктестіру, халықтастыру арқылы, шығармашы- лықтың Жұңгоша эстетикалық дәстүріне мұрагерлік етіп, оны түлету жолымен жүрді.

  Ауыл мен қала жайында да осы бірлік бар. Мо Янның өз ауылына табан тіреуін дұрыс ұққан жөн. Ол, ауылды ғана емес, қаланы да жақсы біледі. Оның басты бір артықшылығы – қазіргізамандық өркениет арқылы ауыл өркениетін таразылауы, ауылдық дәстүри мәдениетті қайталай ойлауы, былайда қай жолды басу керегін қарастыруы. Бұл да халқының дені ауылда отырған қазақ қаламгерлері үшін үйренерлік тарап.

  Мо Яндағы батылдық пен жүректілік, тартынбау мен еркіндік талайды таңқалтыруы мүмкін. Мо Янның өзін азат ету дәрежесі мен әдебиеттегі еркіндігі теңдессіз де дара. 4 інші мамырдан бері (ғасырға жуық жылдардың денінде), Жұңго жазушылары оңнан да, солдан да ауыр жүктің асытнда болып келді. Содан идеялық жақтан нағыз азат болған, өзіне өте сенімді, қаламды еркін сілтейтін, еркін суреттейтін азжазушының бірі – Мо Ян.

  Мо Ян – әу бастан дау ілескен жазушы. Оның өткен ғасырдың 80 - жылдары жариялаған «Мөлдір сәбізіне» бірсыпыралар «Осы да жөн бе? Өсітіп жазған да бар ма? Бүй дегені несі?» деп жүрді. Дегенмен, жаңалықшыл жастар өздеріне тың жол ашылғандай сезінді. Мо Ян шығармалары жайлы пікір алалығы әзірде де бар. Бұл табиғи да пайдалы құбылыс. Нағыз жазушылар мұндайға төзе алады, осындай тартыста жазуын жалғастырады, әдебиетке түсінігін тереңдетеді, тілдік суреттеу қуатын мықтайды. Мо Ян сөйтті.

  Мо Ян – адамды сыйлайтын, адамды тиянақтандыратын, адамды жырлайтын, күшті тентектік (ребелшілдік, исяншылдық, повстанческий, 叛逆性) пен құлатымпаздыққа (颠覆性) ие, көбінесе ез бен ынжықты, сорлы мен бейшараны емес, жігерлі мен қайраттыны, тіресетіндер мен қасарысатындарды жазатын жазушы. Кей сыншылардың оны зорақы эстетиканың өнери рухы бар жазушы дейтіні де осыдан. Сондай-ақ, ол аса өнери сезімталдыққа ие, тілге шешен де жүгенсіз қаламгер. Осындайда Маркстың «бұрынғы бүкіл әлем тарихының өнімі – бес ағазаның туындысы» дегені еске оралады.

  Мо Янды бұл биікке алып шыққан қарапайым тұрмыс пен баянды еңбекшілдікекен.Мо Ян шығармаларында орасан көп (5 миллион!) хән әріпі жатыр. Оңай ма?! Былай қарағанда жазу тездігі өте жоғары. Бірақ, оның комьпютер емесін ескерген адам, оның әр күндік еңбек сағатының көптігін елестете алады. Білетіндер: үш уақ тамақтан соң, ол қашанда шатыршадағы тап-тар кітапбөлмесінде болушы еді. Іздеушілерді де ол сол аядай арада қабылдайтын. Оның шығармалары өзінің осы кіп-кішкене кітапбөлмесінен әлемге жол тартып жатты. Бұл күйге оның:

  «Абажадай шатыр жай,

  шәйнек пенен шыны шай,

  тар жерге сыйып әреңге,

  ⑲ой жіберем әлемге» -

  деген өлеңі құп түседі деседі екен. Мо Ян туындыларындағы мазмұн даәр алуан (жанры көп қана емес, модернизм мен посмодернизмге шейін бәрі бар). Бұл арада әрі ондық дарын, әрі ондық кең де терең білім, әрі мол (халықтық, батыстық, т.б.) байлық көзінен (ресурстан) шебер пайдаланулар жатыр. Дегенмен осының бәрі табанды еңбекшілдікпен ғана жеміске айналмақ.

  Мо Янның Нобел сыйлығын алуы кездейсоқтық емес. Ол субъективтілігі (主观), инновациялылығы (创新), халықтығы, тентектігі бар жазушы болғандықтан алып отыр. Туындыларында даралығы, жұңгоша бөлек тәжірибелер мен көңілдер болғаны, айтарын батыл, қасаң бекімдерден тая, бірақ әдеби амалмен айта алғаны, қоғам мәселелеріндегі өткір диалогтарды қорықпай баяндағаны, тіпті дәстүри дағды көтермейді-ау дейтін ұятты менюлердіде тартынбай суреттегені үшін алып отыр.

  Тапқырлық, жасампаздық, инновация (创新) деген көнені, бұрынғы өлшемді, ескі ережені, дағдылы бағдарламаны, қалыптасқан көзқарастарды бұзбай аты затына сай бола кетпейді. «Бұзу сипатты жасампаздық» (“破坏性创造”) деген осындай. Әрине бұл біреуді ашуландырса, біреуге жақпайды, енді біреу айтыса кетуі де ықтимал. Мо Яннан әдеби жасампаздықтың түп сипатын, жазушының өз туындысы арқылы жасампаздықты қалай атқаруы керегін, сонысымен оқырмандарына, қоғамға қайтіп әсер ететінін сеземіз.Ол«өлім мен өмірдің қалжырауы» сықылды туындыларында, осы ғасырдағыЖұңгоның бұрынғы монизмдік (一元论) өнер идеясы бойынша сырғымайтын, реал сезім де, өнер де бар ерекшелікпен, бұрынғыдан да батыл да еркін сілтейтінін көрсетті.

  Мо Яндық мінездегі байсалдылық, кішілік, кісілік, әділдік, шыншылдық сықылды толып жатқан абзал артықшылық- тарды түгел тізіп шығу мүмкін емес, әрине. Бірақ оның сыйлық алған тұстағы бейнесінен де талайды байқауға болады. Сыйлық жарияланғанда, Мо Ян ұстамды, байсалды позицияда болыпты. Тегі дихан жазушы қарапайым да еңбекшіл келбетін сақтай біліпті. Талайдың айтуынша, бұл оның аты шыққалы бері айнымаған өмір ұстанымы екен. 30 жылдың алдындағы әдебиетқұмар жас,бүгінгі Нобел әдебиет сыйлығының игері Мо Ян қашан да өзін салқын-сабырлы болуға шақырып келіпті, асқақтау мен қызынудан аулақ болыпты. Ол: «Әр кезек мінбеге көтерілу жаламаға өрмелегенмен бірдей. ... Қазіргізамандық әдебиет айдынына өзге ірі жазушының көтерілмеуі менің атымды шығаруда. Бұл ап-айқын. Кей жандардың менен де дарынды, жеке тәжірибесі менен де мол бола тұра, әдебиетте тым зор атаққа ие бола алмауы орайдан. Бұл жағынан мен сәтті болдым. Сондықтан өзгелерден үнемі үйренемін, тегімді ұмытпаймын» деген де болатын. Демек, Мо Янның сыйланғаннан кейінгі сабыр-салмағы талай жұртқа үлгі.

  Осы айтқан ерекшеліктеріне мысал ретінде мынаны қысқа қайыра кетейік. Мысалы, Мо Янның «Қызыл гауляны» - роман жазудың жаңа жолын салған, бұрынғы сызықтық эволюциялық баяндауды бұзған шығарма. «Қызыл гаулян» - Жұңго бұрынғы соғыстарын тақырып еткенімен, бір түрлі жат та өзгеше тәсілмен жазылған, оқырманды әр тұсындағы лауылдаған өрт ізімен, таңғажайып тарихи болмыстарымен баурап әкететін, өзге прозаларға ұқсамайтын шығарма. «Мөлдір сәбіздегі» қара баланың реалдықтан асқан сезімі мен аса күшті жігері арқылы әдебиет айдынын дүр сілкіндірген Мо Янның ең уәкілдік және ең смволдық туындысы - «Қызыл гауляң». «Қызыл гауляң» - Жапонға қарсы соғыс кезеңін артқы көрініс (фон, 背景) еткен, соғыс тақырыбындағы роман. Баскейіпкер Иүй Жәнау (余占鳌 – «саф нәсілді қызыл гаулян») – қызуқанды, әділетшіл, қотиындаужігіт. Ол талайдан жесір келе жатқан шешесімен ойнаған хышаңды (буддашыл монах) өлтіреді, артынан шешесі де асылып өледі. Әйел үшін кісі өлтіріп, өрт қойып, Дәй Фыңлиәнді (戴凤莲) қатындыққа тартып алады. Өш алу үшін қатты машықтанып, қатынына әдепсіздік еткен банды Хуа Бозы тобын құртады. Бір ауыл бойжеткенінің ары үшін, оған мастықта басқыншылық жасаған өз көкесін атып тастайды. Ойнасынан бала сүю үшін қатынын тастайды. Ұлттың ұлы ісі үшін Жапонға қарсы аттанады, бірақ аяғы бүкіл армиямен қоса жойылады. ... Демек, Иүй Жәнау мен Дәй Фыңлянның әңгімесі арқылы, уақыт пен кеңістікті алмакезектете отырып, сана ағысымен (意识流⑳) көрсету тәсілін пайдаланып, бір ауылдағы өмір жырын оқырманға тартады. Мұның сюжеттік құрылымы мен кейіпкер тұлғаларында тым ғажайыптық жатқаны жоқ, баяғы қанға бөккен дала, ыс пен жалын қапқан көк, кек пен жанашырлық кернеген кеуделер, жауыздық пен адамилықтың арпалысы. Бірақ, оның таңқалтыратын ғажап тартымы мынада: автор оқырманды тарихтың белортасына алып кіріп, оған рациональдық нервісі мүлде ұйығандай, бәрін көріп, естіп тұрғандай, мұрнына исі, аузына дәмі енгендей күй кештіреді. Тарихты субьективтестіреді, рухиластырады, бейнелестіреді. Сол арқылы оқырманды, көру мен оқуғақана шектеп қоймай, гаулян атызында тыныстатып, тәтті ләззатқа батырып, тіл жетпес сырлы кешірмемен балқытып жібереді. Мо Ян туындыдағы дәстүри қаңқаның бойынан күшті антидәстүри көтерілістік немесе тентектік рух өндіреді; тарихи жан мен дихани жанды ұштастырады. Қызыл гауляңды миллиондаған жанның бейнесіне айналдырады.

  Тіпті қиын жағы – туындыда бетімен кететін жазу еркіндігін жүзеге асыруы. Сыншы Лей Да (雷达) осындай тұстарына келгенде, «тарихтың бойында тыныс, жылу, жан деген бар ма, жоқ па? Тарих сұп-суық өлі нәрсе ме, жоқ әлде тіп-тірі жанды дүниелер тобы ма? Тарих жылжыған жылдарға ілесе алмай сарқыла ма, әлде осызамандық адамдар жүрегінен орын алып, жалғасып, өрістей ме? Тарих абстракт қасаң қағидалар мен дәмсіз сөздер үйілген салдар ма, жоқ ұрпақтан қрпаққа өтетін, жүректерін жылытатын, тартатын, дамылсыз құбылатын, жаңаратын бейне ме?Адам мен тарих нендей байланыста? Адамдар келімсек байқаушылар, жалбарына табынушылар немесе жатырқай қарайтын үшінші жақ па, жоқ әлде сол тарихтағы бір рөл ме? Тарих пен реалдық қандай байланыста? Бұлардың арасында уақыт-кеңістіктік шалғайлық жатыр ма, жо әлде қыл өтпес қиюласу тұр ма? Кеше мен бүгін тек жай мағынадағы жалғастық па, әлде рухи тараптағы «сенде мен бармын, менде сен барсың» ба?» деп жәтіп кеп толғанады екен.

  Лей Да да байқапты. Бұл туындының өн бойынан автордың тентек (ребел,叛逆) қаламы бой көрсетеді, автордың біз тәрбиеленген және біз әбден дағдыланған эстетикалық әдістермен келісе алмаушылығы көріледі. Мысалы, Жұңголықтар жасыру (隐蔽, сокрытие,) мен ибаға (иерархия, 尊卑) қатты мән беретін халық емес пе. Мо Ян мұндайға тұсалмайды. «Аталар» мен «әжелер» ара ойнасты сол бетінше жазады, «әжелерді» әшкере бейнелейді; тарих оқулықтары мен талай жылдардан бергі дағдылы суреттеулер бойынша, дихандар қарулы күші партияның тәрбиесінде саналылыққа беттейді ғой, бірақ партизан қолбасы Иүй Жәнау (баскейіпкер - 余占鳌) мүлде басқа – қарақшылық мінезбен жүгенсіз жолға түседі; біз дихандардың мінезі мен келбетін саяси назар мен таптық талдау арқылы қалыптауға әдеттенген болсақ, Мо Ян оларды «биіктіктен» әсіліндегі күйіне «түсіріп» тастайды – оларды «сүйкімділк пен жексұрындықтың» келісті қоспасы күйінде, ұйымсыз, былыққан, қызба, көзсіз, бейпіл ұлттық түйсік пен кекшіл көңілді қып көрсетеді; әр кім бірер концепцияның жетегінде емес, өзінше жан мен дене, өлім мен өмір, дәрмен мен ахлақ арасындағы қатты айқаста жанталасқан, арпалысқан күйде суреттейді; біз эстетикалық дәстүрге бағынып қалыпты да халыс айтуға мән береміз, әдебиет айдынын былғамау үшін қанды қасапты, шіміріктірер жауыздықты қағазға түсіре бермейміз, ал, Мо Ян жауыздықтың пердесін аямай ашады, кісіні мейрімсіздікпен сойғанды да, әйелді жыртқышша таптағанды да, тіпті мәйітті жеген ит аузының шылпылы мен жыртылған терінің дырылына дейін алдыңа жайып салады. ... Бұл кітапты ғажайып қып тұрған – дәстүр қорабының ішіне тығылған осы әсіре тентектік (ребелдік) рух. Мо Янның бұл элементтері оның жиырма неше жылдық жасампаздығына сіңдірілген. Талай туындылары осы тағантас үстіне тұрғызылған.

  СОҢҒЫ СӨЗ

  Йә, ... Мо Янға еліктеу – қиынынң қиыны. Өйткені ол тым және кұшті ерекшелікке ие жазушы. «Сондықтан оның бір мектепке, ағынға айналуы да оңай емес» дейтіндер де бар. Дегенмен Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап баққан» жөн. Алайда құр ұқсау мен еліктеуден жасампаздық туылмайтыны, жаңалық дүниеге келмейтіні, тапқыр саналмайтынымыз есте тіпті айқын да мықты ұсталуы тиіс.

  Мо Ян шығармасын оқуға ұмтылғандар болса, мен оларға «Өлім мен өмірдің қалжырауы» (《生死疲劳》) деген туындысын оқуды ұсынар едім. Бұл оның жазу стиліне және проза өнері жағындағы ізденістеріне толығырақ уәкілдік қылады. Әсіресе бұл кітапта Жұңго тарихы мен реалдығындағы басты мәселе – жер мен дихан мәселесіне қаратылған ойлар бар. Мо Янның өзі де бұл кітапты « Қоғам реалдығына назар мен әдеби ізденістің, әдеби жасампаздықтың кемелді, тұтас ұштасуы» деп біледі екен. Мо Ян бұл кітапты 43 күнде-ақ жазып болыпты. Өйткені уақиға жастайынан өзіне бек қанық болса керек.

  Бүгінде, Мо Ян 1986 -жылғы жоспарын негізінен орындадым деп отыр. Онда ол: «Өзіңе тән адами көзқарас тіктеу, өзіңе тиесілі позициялық аумақ ашу, өзіңе тән кейіпкерлер жүйесін тұрғызу, өзіңе тән бір жүріс баяндау стилін қалыптастыру» қажеттігін айтқан еді. Мұндағы ең басты міндет – өзіндік адами көзқарас тіктеу. Мо Ян – жаңа жағдайда дүниеге өзіндік көзқарас тіктей алған адам. Оның ішінде тарихи әділеттікке деген өзіндік табанды сенім де бар. Дүниеге, тарихқа өзіндік көзқарас орната алу – тек жауапкершілігі күшті, батылдығы ерен парасатты қаламгердің ғана қолынан келер іс.Демек, Мо Ян ширек ғасыр бұрын алдына қойған міндетін негізінен атқарыпты. Қазір, ауылдық бейнелер, қызықты елестер, Мо Янның жүйрік қаламы арқылы көп іс тындырып, «Гауми ауданындағы ауылын» позициялық аумақ, «атам», «әжемнен» тартып «анам» мен «мендерді» топ толық кейіпкерлер тобы қып қалыптастырып болған екен.Біздің де өзімізге тән адами көзқарасымыз, өзімізге тиесілі позициялық аумағымыз, өзіміз жасаған кейіпкерлер жүйеміз, өзімізге қалыптастырған бір жүріс баяндау стиліміз бар ма жоқ па деп ойлануымыз,бұрын ойланған болсақ сол қаншалық атқарылды деп таразылауыз пайдалы сықылды.

  Мо Янның Мау Дүн әдеби сыйлығын алғаннан кейін айтқаны бар: «Бұрын біз қоғамды сөктік, өзгелерді талдадық, енді қаламымыздың ұшын өзімізге қаратсақ болмас па?» деп. Талайды ойлантатын сөз. Қоғамға дұрыс та әділ қараймын, сол негізде шынайы жасампаздықпен шұғылданамын деген қаламгердің өзі әуелі дұрыс та әділ болуы керек қой.

  Есте боларлық тағы бір жәйіт – қазір Жұңго мәдениетте қуатты мемлекет болу міндетін алға тартты. Ал, бүкіл әлемде мәдениет зор реттелу үстінде. Бәрі де болашаққа дұрыс беталудың жақсы орайын қарастыруда. Мәдениет құрамындағы әдебиет те түлеу, өзгеру, даму үстінде. Тек санына ғана қараса да, Жұңго қайнап жатқан, өте қызықты алып әдебиет елі. Ал, батыста әдебиет екіге – аздаған элиталық (精英) жазушылар мен бір талай өтімді (畅销) жазушыларға бөлінулі. Мына дидартыңдық (视听, аудиовизуальный) өркениет үстемдік еткен тұста, Жұңгоша социялизм сықылды, хәнзу тілі дидартыңдық өркениетпен бірігіп соны қуатқа ие болуы мүмкін. Жұңголықтар өзге елдердің мәдениеті мен әдебиетін зерттеу мен оқуда алдына жан салмай келеді. Мұндай ел дүниеде, әсіресе батыста әзірше жоқ. Сондықтан, бір Мо Ян арқылы батыстың назарының Жұңгоға бір сәт ауа қалуы, олардағы шығыстықтарды менсінбейтін, қағатын ғадетті өзгерте қоюы қиын. Оның үстіне біз де шеттің нобелшілерін қызыға оқысақ та, олардың еліне, экономикасына, мәдениетіне құмартып жатқанымыз жоқ.Демек Жұңго әдебиетінің әлемге танылуы үшін басар жол ұақ, міндет ауыр. Оның үстіне Нобел сыйлығы әлем әдебиетінің жападан жалғыз стандарты да емес.

  Мо Ян: «Мен – Жұңго жазушысымын. Менің туындыларым – Жұңго әдебиетінің құрамдас бөлігі. Жеке басым Нобел сыйлығын алғанымен, менің Жұңго әдебиетіне уәкіл боларлық хақым жоқ. Сыйлық алуым дүние назарын Жұңго қазіргізаман әдебиетіне бір сәт бұруы мүмкін, белсендірек рөл атқаруға да тиісті. Алайда, бұл рөлді тым жоғары бағалауға келмейді. Өйтетіні әдебиет оңашалау өңір» деген екен. Мен де Мо Янды, дара тұлға десем де, Жұңго әдебиетінің толық уәкілі дей алмаймын. Уәкіл бола алуы үшін өзге мо яндар нөпірі көзге түсуі керек. Әйгі сынгер Лей Да айтқандай, «... Мо Ян Нобел сыйлығын алды екен деп, біз Жұңго әдебиетін төрт тарабы түгел, ұшпаққа шықты деуден де, немесе Жұңго әдебиетіндегі өмір сүріп келген ауыр кемшіліктер осыменен өздігінен жоғалады деуден де аулақ болайық» дейді. Рас айтады.

  Дегенмен,... заман ілгерілеуде. Сондықтан әдебиеттегі идеялық азаттық пен инновациялық сананың күшеюі, көне ой, ескі ғадет қапасын тіпті де бұзар, әдебиеттің өткендердің ғана емес, замандастардың жетістіктерінен де озуға тиісті іс екені аңғарылар.

  Дегенмен парасатты қаламгер Мо Янның мына сөзін ұмытпаған жөн. Ол: «Мен мәңгі бақи сыйлық үшін жазбаймын. Мейлі МауДүн сыйлығы болсын, уә яки Нобел сыйлығы болсын. Дүниеде атақ қуған жүгірмектен батыр шықпайды » дейді.

  Ескертулер

  «Өлім мен өмірдің қалжырауы» (《生死疲劳》) дегеннің әу басында нахақ өлтірілетін біреу баяндалады. Ол зынданда қанша азапталса да мойымайды. Ямаража алдында қарыса айтысады. Жазалаушы бой бермей жаза майданына (реинкарнация , 转世投胎) алып барады. Мо Ян бұл хикаяның қаңқасын, бұрынғыларға еліктеп, «таңғажайыптан» алдым деген екен

  «Құрбақа». 2011 інші жылы жарияланған, артынан Лу Шүн әдебиет сыйлығын алған «Құрбақа» - жаңа Жұңго ауылындағы, 60 жылға таяу астаң-кестең өмірді артқы көрініс (фон) етіп, туыт бөліміндегі жұмыспен 50 неше жыл аналысқан әйел дәрігердің кешірмелері арқылы, мемлекеттің жоспарлы туыт саясатын атқару жолындағы қиын да күрделі тарихи барысты баяндап, ауыл әйел дәрігерінің жан тебрентерлік айқын бейнесін сомдап шыққан шығарма. Әйел дәрігердегі қайғы мен қуаныш ара арпалысты, ішкі әлеміндік қайшылықтарын, толғаныстары мен өкініштерін, ұлылығы мен кеңдігін, қораштығы мен тарлығын, кәсіби ахлағының дәуірге қарсылығы мен бірлігін суреттеген. Бір адам арқылы бір топ адамды жазған.

  «Етжеңді» (《丰乳肥臀》) – жай ғана атпен жаһанның талайын қамтыған, Жұңгоның жуық ғасырдағы қоғамдық тарихын тебірене баяндаған, жапаның өмірдегі іздерін терең суреттеген шығарма.

  ТҮСІНІКТЕМЕЛЕР

  ①Мо Янь – төте аударғанда «үндеме» дегенді білдіретін қалам аты.

  ②Б.з.д. 859 – 221 жылдары шәндоң өлкесімен Хыбей, Хынан өлкелерінің бір бөлігін қамтыған аумақта өз алдына ұлыс болған, сосын да (хән әулетіне қараған соң да) өзіндік мәдениет тарихын жалғастырған жұрт.

  ③蒲松龄(1640年-1715年)。世称“聊斋先生”,马瑞芳称他是“世界短篇小说之王”

  ④Жұңгоны 1736-1795жж. билеген Чиң әулетінің патшасы.

  ⑤Жяуләй өзеніндегі құрылыс белсенділері меноларға бұзғыншылық жасаған помищикті баяндаған.

  «⑥Үш ел хиссасы», «Батысқа саяхат», «Су бойында» және «Қызыл сарайдағы түс» төртеуі жұңголықтардың идеялық концепциясына, құндылық беталысына терең ықпал жасаған, өте жоғары өнери деңгейге ие, Жұңгоның байрғы 4 әйгілі шығармасы, 4 ірі прозасы саналады.«Үш ел хиссасын» Юан әулетінің соңы мен Миң әулетінің басында (1330-1400жж.), Шанши (山西) өлкесінің Чишян (祁县) ауданында өмір сүрген Ло Гуанжоң (罗贯中) жазған. Мұнда Шығыс Хән әулетінің соңын ала, Лю Би (刘备), Жу Голяң (诸葛亮), ГуанИүй (关羽) үшеуі басқарған жақтардың айқасын баяндай келіп, хиссаны батыс Жиң әулетінің ел басын қосуымен аяқтатады. «Су бойындағыны» да осы Ло Гуанжоң реттескен, сараптасқан, тіпті соңғы жарымын сол жазған деу де бар.

  ⑦Басты шығармалары - 《檀香刑》,《生死疲劳》,《丰乳肥臀》,《红高粱家族》,《透明的红萝卜》,《丰乳肥臀-增补版》,《藏宝图》,《四十一炮》,《天堂蒜薹之歌》,《拇指铐》,《白狗秋千架》,《莫言精选集》,《莫言作品精选》,《酒国》,《食草家族》,《白棉花》,《红树林》,《月光斩》,《老枪•宝刀》,《会唱歌的墙》,《司令的女人》,《良心作证》,《锁孔里的房间》,《什么气味最美好》,《传奇莫言》,《莫言散文》,《莫言中篇小说选》,《莫言王尧对话录》,《战友重逢》,《蛙》。

  ⑧又名21世纪鼎钧双年文学奖,系由十一位中国著名学者、编辑共同发起,每两年举办一次,每届颁发给一到两位中国和东亚作家。获奖者须在评选期内须有重要作品发表或出版,尤以长篇叙事作品为主。同时,其作品在个人创作史上须处于高峰状态,并对汉语写作有创造性贡献,及表现出人类精神的丰富性精湛的

  ⑨文学品质。 章回小说是近代中国长篇小说的主要形式,渊源自魏晋笔记小说、唐代传奇、宋代话本,到元朝始有具体形式,而于明清发扬光大。

  ⑩Магиялық реализм — шынайы ғалам сипатына магиялық элементтерді қосатын өнер жанры. Алғашында неміс сыншысы Франц Рохтың шындықты өзгертіп көрсететін суретті сипаттауға қолданған термині. Куба жазушысы Алехо Карпентьердің шығармалары XX ғасырдың 60 - жылдары Еуропада басталған осы жанрдың серпілісіне үлкен әсер етті. Магиялық реализм жанрында жазған жазушылар көп. Мысалы, Жоржи Амаду, Габриэль Гарсия Маркес, Михаил Булгаков, Франц Кафка сықылдылар. Магиялық реализмнің элементтері де алуан түрлі. Мысалы, ішкі қайшылықсыз фантастикалық элементтер; магиялық элементтің қисынын (логикасын) сөзсіз қабылдайтын кейіпкерлер; тек қана сезім арқылы қабылданатын бөліктер; символдар мен бейнелер; адамның сезімі мен құмарлығын егжей-тегжейіне дейін сипаттау; уақыт ағымын бұрмалау, яғни осы шақпен өткенді қайталау; себеп пен салдарды ауыстыру; фольклор немесе аңыз әңгімелерінің элементтерін енгізу; т.б.

  ⑪Мо Янның жуықта швед тіліне аударылған еңбегі «өлім мен өмірдің қалжырауында» (《生死疲劳》) магик мазмұн бар болатын және ол Жұңго халық ауыз әдебиетіне тығыз байланысты еді.

  ⑫ФОЛКНЕР Уильям (1897, Нью-Олбани —1962, Оксфорд) — АҚШ жазушысы, Нобель сыйлығының иегері (1949). Ақсүйектер отбасынан шыққан. 1925 жылдан шығармашылықпен айналыса бастаған. Әсіресе, “Авессалом, Авессалом” романы жазушыны әлемдік әдебиет классиктерінің қатарына қосқан. Ол өз шығармаларында, негізінен АҚШ-тың оңтүстік штаттарының тарихын, тұрмыс-тіршілігін, мифологиясын және мәдениетін арқау еткен.

  ⑬Маркес Габриэль Гарсиа (1928 ж. Колумбия) — жазушы, Нобел сыйлығының иегері (1982). Қазақ тіліне адарылған “Жүз жылдық жалғыздық” романының авторы.

  ⑭Бұл арадағы «дүлдүлдің» хәндер аңызындағы аты «тянма» («Көктің аты» нмесе «тәңірдің жылқысы», 天马). Аңыз бойынша Батыс Өңірдегі ел тәңір жылқысын ұстай алмай, аяғы оның жолына келіскен ала биені байлап қояды. Сөйтіп көк жылқысындағы айғырдан туған әлгі биенің құлындарынан дүлдүл өсіреді. Дүлдүлден қандай қызыл тер сорғалайды екен. Басқан тасы балқып, тұяғынан із түсіп қалады екен. Хән әулетінің патшасы Хән Уди (б.з.д. 2-1 ғғ.) бұған қатты қызығып, сұратады. Батыс Өңірліктер ондай жылқысынан ұрық беруге көнбейді. Мұның арты соғыспен тартып алуға айналады.

  ⑮Дефамилияризация – Ресей формализмшіл сынгері Шкловский көтерген әйгілі әдебиет назариясы (теореясы). Ол мазмұн мен формада адамдарға дағдылы жағдайға, ережеге, істерге қиғаш келуді, қалыпты күйден аттауды (超越) дәріптейді. Ол сырттай қарағанда өзара байланыссыз, іштей қатысы бар алуан факторлардың қарсылығы мен соқтығысуы, содан өрбитін

  ⑯威廉•卡斯伯特•福克纳,William Cuthbert Faulkner,1897-1962

  ⑰加夫列尔•加西亚•马尔克斯(Gabriel José de la Concordia García Márquez,1927年3月6日-),台湾译为贾西亚•马奎斯,是哥伦比亚作家、记者和社会活动家;拉丁美洲魔幻现实主义文学的代表人物,20世纪最有影响力的作家之一,1982年诺贝尔文学奖得主。代表作有《百年孤独》(1967)《霍乱时期的爱情》(1985)等。

  ⑱魔幻, 神幻, 奇幻

  ⑲“一把紫砂壶,二两明前茶。独坐一斗阁,思绪到天涯。”

  ⑳意识流文学泛指注重描绘人物意识流动状态的文学作品,既包括清醒的意识,更包括无意识、梦幻意识和语言前意识。“意识流”一词是心理学词汇。意识流文学是现代主义文学的重要分支,主要成就局限在小说领域,在戏剧、诗歌中也有表现。
жауапты редакторі : Нұрғиса Құрманжанұлы
 
   бұл хабарға бағаңыз
  • 1. Жұңхуа Халық Республикасының қатысты заң-ережелеріне бойсынып,торапта мөралды болыңыз, сіздің әрекетіңіз себебінен тікелей немесе жанамалай туындаған заңдық жауапкершілікті өзіңіз арқалайсыз.
    2.Қалам атыңыз бен жазған лебізіңізді басқарудың барлық ұқығы Халық Торабына тән.
    3.Халық Торабының сіздің Халық Торабының лебіз жазу бетіне жазған лебізіңізді торап ішінде көшіру немесе лебізіңізден ситат келтіру ұқығы бар.
    4.Егер басқару жағына пікіріңіз болса,лебіз жазу бетінің басқарушысына немесе Халық Газеті Мекемесінің Торап Орталығына аңыс етіңіз.