Бетті сақтау | Бас бет етү | Хабарласыныз | Біз туралы Жүңго коммунистік партясы ақпарат сайты 
  • Орталық
  • Ел іші
  • Қалықара
  • Шинжйаң

СҮРЕТТІ ҚАБАР

كيىم مەن بەلگىلەرگە تۇسىنىك

جيابجياب



حالىق تورابى>>Қазақша>>Ой турғы

Айтыс Және Айтыс Ақындары Жайында Аз Сөз

Ыспандияр Солташұлы

2011.07.08 16:46    келу қайнары :Халық торабы


Айтыс ــ сонау ықылым замандардан жалғасып келе жатқан халықтық өнеріміз, қаймағы бұзылмаған қалпы өз даралығын өзге жұртқа танытып келе жатқан төл мәдениетіміз. Ол халықымыздың өркениетті өмірінен, рухани жан дүниесінен туындап, дамып бүгінге жеткен, қанымен қайнасып, сүиегіне сіңген, өлең, ән, музыка, көрініс, сахналық тартыс, актерлік өнер қатарлылар өзара сәйкестік тапқан, бөгенайы бөлекше, өзімізге ғана тән бесаспап өнер түріміз. Тұтас ғұмырын әнмен алдилеп, күимен көмкеріп, жірмен өретін қасиетті халқымыз ғасырлар бойы осы бір асыл өнерімізді ардақтап, оның қадыр-қасиетін айнытпай сақтап, босағасын босатпай, шаңырағын шәйқалтпай бүгінге жеткізді.

Осы өнер түрі арқылы қарапайым халықымыз бүкіл ел-жұрты мен туған халықының тыныс-тіршілігінен, тарихы мен тағылымынан, арғы-бергі жақсы-жаманынан хабар тауып, білімдерін молайтып, көз айаларын кеңейтіп, жүрек қылын шертер ــ тапқыр сөз, тамаша ұиқас, әсем әуен, нақышты ырғақтардан мол эстетикалық ләззәт қабылдап, көңілдерін көтеріп, рухтарын серпілтіп, жақсылықтан өнеге тауып, жамандықтан ғибырат алып, сәлиқалы өмір салтын онан ары әрлендіріп, көңіл түкпірлерінен өшпестей орын алдырып, өркениетті өмірге, дамыған қоғамдық ортаға сай кісілік қасиеттерін қалыптастырып, өз болашақтарына тамаша жол салып аттанып жатады.

Ал осы мәдени қимылымыздың ту ұстаушылары саналатын айтыс ақындары ежелден бері ұлтымыз өмірінің сыншысы, сарапшысы, үгітшісі болып келген. Сондықтан айтыс ақындарында мол қоғамдық білім болумен бірге өскелең мұралдық қасиет болуға тиіс.

Айтыс ақындары айтыс барысында жастарға бағытталған тәрбиелік мәні зор тақырыптарға көбірек тоқталуы керек. Айтыс майданында қалайда бір ой түиіп, адамдардың шымбайына шық етіп әсер ететін, адамдар ескеріп есте сақтайтын, елеулі, қоғамдық, әлеуметтік мәні бар тақырыптарға, халықтың мұң-мұхтажын бейнелей алатын қоламталы мәселелерге көбірек тоқталуы, халқым бай, жерім көркем деген сяқты жаттанды, көпірме сөздер мен ойсыз, қалжың бос сөздерді айтуға көп бой ұрмауы қажет.

Ұлтымыздың негізгі тұлғасы кең байтақ егін, мал шаруашылығы өңірлерінде, сондықтан айтыс мазмұны да көбінесе кең байтақ егін, мал шаруашылығы өңірлеріндегі қарапайым халқымызға бағытталуы қажет. Айтыс барысында ақындарымыз ұлтымыз бұқарасына партиямыздың саясатын үгіттеуде, кезекте жүргізіліп отырған саясаттың дұрыстығы, сол дұрыс саясаттан қайткенде ұтымды пайдаланып, икемді игіліктенуге болатын жақтары аңғартылуға тиіс. Әр ұлттың өзіндік ерекшелігін танытатын ұлттық тілі, тұрмыс-тіршілігі, таным-түсінігі, әдет-ғұрпы, тарихи жәдігерлері, салт-дәстүрі болады. Айтыс ақындарымыз міне осы тақырыптарда ұлтымыз өміріне көбірек үңілуі қажет.

Ұлтжандылық, отан сүигіштік ــ барлық адамда болуға тиісті ортақ қасиет. Адам бойында бұл қасиеттер болмаса, ол адамды өз елінің азаматы, өз халқының ұлы мен қызы деп айту қиын. Өз елі, өз ұлты үшін соқпаған жүрек азаматқа мүлде лайық емес. Тіпті өз отанын, өз ұлтын сүимеген адамнан ешқандай жақсылық күтуге де болмайды. Айтыс ақындарымыз міне осындай ұлтжандылық, отан сүигіштік тұрғыда тұрып өз ұлтын барынша айанбай жырлауы қажет.

Айтыс ақындары ұлтымызды жырлағанда, ұлтымыз өмірінде жүз беріп отырған кейбір ішінара келеңсіз, кесірлі, кереғар қылықтарымызды сын тезіне алып сараптама жасағанда, сөйлеу әдісіне көбірек көңіл бөлгендері жөн. Қит етсе болды ұлтымыздың анасы да оңып тұрған жоқ, мынасы да оңып тұрған жоқ дейтіндей пиғыл байқатып өз ұлтымызды өзіміз қарадай жебірлеп, жерге тығып, тұқырта беретін нысайлардан аулақ болуымыз қажет. Мұнда әрқашан ұлтымыздың өзге емес өзіне ғана тән ұлттық обыразы, ұлттық намысы, ұлттық рухы ескерілетін болуы тиіс. Үйткені қазіргі сын сараптамаларымызда кей кездері орнымен айтылмай «арық атқа қамшы ауыр» болып жүрген жағдайлар да, «бір қарын майды бір құмалақ шірітеді» дегендей бірдің алапаты мыңға тиіп «Қазақ», «Қазақ» деп ұлтымыздың ардақты есімі көбірек ауызға алынып, оған «жалқау», «арақкеш», «надан»т.б толып жатқан анықтауыштар талғаусыз тіркеліп айтылатын жағдайлар да жиілеп бара жатқан сяқтанады. Әне сондықтан айтыс барысында ұлтымыз өмірінде жүз беріп отырған кейбір ішінара кесірлі, кереғар, келеңсіз жат қылықтарымызды сын тезіне алып сараптама жасағанда тым асыра сілтеп, қазымырлыққа салынбай, желкелеп жерге тыға бермей, қайта оны жетелеп, жебеп, шабыттандыру жолымен оңауға барынша назар аударғанымыз абзал.

Туған жерді, ата жұртты жырлау да орынды тақырып, тарих қатпарларына көз жүгіртер болсақ ұлтымыздың Алтайдан Атырауға, Арқадан Алатауға дейінгі ұланқайыр атырапты ат түяғымен дүбірлетіп, не бір қиын кешулерді басынан кешіріп өмір өткізгені шындық. Сондықтан бұл мазмұнды да жыр өрісінен қағыс қалтыруға болмайды. Бұлай істеу ــ келешек ұрпаққа, ұлтымыздың өткенін түсінуі үшін пайдалы болмақ. Өткен бірнеше жылдың алдында еліміздің архелогия, тарих ғалымдары Алтайды адамзаттың ең байырғы қар шаңғы мекені деп тұрақтандырды. Олар жартас суреттеріне негізделіп жаңа ерадан 8 мың жыл бұрын Алтай өңірінде қар шаңғы болғандығын дәлелдеп шықты. Айтыс ақындарымыз ата мекеніміздегі дәл осындай ғажайып хикіметтерді тауып айтып, қасиетті жеріміздің даңқын онан ары арттыра түсуге де шебер болуы қажет.

Ұлтжандылық идея шын мәнінде ــ ұлтты ұлағаттылыққа бастайтын, ұлтты түрлі керанаулықтан арылтатын идея болуға тиіс. Қазір біздің ұлтымызға ең керегі ــ ұлттық рух пен ұлттық сананы өсіру арқылы ұлттық сапаны жоғарлату болып отыр. Сүитіп барлық рухани құндылықтарымызды дәуір талабына сай әрлендіріп жаңаша түс алдыру қажет болуда. Айтыс ақындарымыз дәл осы тақырыптарда көбірек ой түюі, көбірек үгітші болуы қажет. Заман жаңарды, өмір өзгерді, ұрпақ жаңаланды, соған сәйкес ақындарымыздың да халыққа айтатын ойы жаңаланып, түрленіп отыруы керек. Бұрынғыдай кілең көшпенді тұрмысымыз бен «әриайдайымызды» ғана бір сарынды жырлай беретін тар шеңбер, көне қалыппаздықтан арылып, ұлтымыз өмірінде барлыққа келген дүниелік дамуға сай жаңалықтарымызды, бүгінгі өзгерген өркениетті өмірімізді көбірек жырлауымыз қажет. Егер ақындар айтысы заманға сай жаңа форма, жаңа мазмүнмен дамытылмаса, онда ол біртіндеп қожырап, қатардан шығып қалады. Сондықтан ақындарымыздың ақындық өресі әрқашан дәуірдің дамуымен тең алға ілгерлеуі, сүитіп олардың ақындық талғамы осы замандық санаға сай жаңаланып, түрленіп отыруы тиіс.

Қүрманбек, Жамалқандар өз дәуірінің жарық жұлдыздары. Бұған ешкімнің таласы жоқ. Ол аға буын ақындарымыздың абыройы дәуір озған сайын жаңғырып, жаңаланып жарқырай бермек. Алайда қазіргі айтыс ақындарымыз өздерін кезіндегі Қүрманбек, Жамалқандардың деңгейімен өлшемеуі тиіс. Егер айтыс ақындарымыз осы дәуірдің талабы бойынша халқымызға дәл кезіндегі Қүрманбек, Жамалқандардай таныла алса ــ сонда ғана олар бүгінгі дәуіріміздің жарық жұлдыздары бола алады. Ол үшін қазіргі айтыс ақындарымыз реал өмірге көп араласуы, көп бақылауы, көп ой қортуы, көп матерял көруі қажет.

Айтыс ақындарымыз кішпейіл, сыпайы, сылық болуға көбірек көңіл бөлгені жөн. Мұнда әсіресе әйел ақындарымыз ұлтымыздың әйелдерге тән нәзік, биязы, ибалы қасиеттерін таныта білгені оң. Қазір осы жағында, өте аз сандағы ер ақындарымыз халықтың қошеметін, қүрметін көтермей, мен керемет екенмін деп өзін сәл өр ұстайтын, тіпті ішімдікке бой ұрып, ақындық мұралды қайырып қойатын, ал өте аз сандағы әйел ақындарымыз ұлтымыздың әйелдерге тән нәзік, бязы, ибалы қасиеттерін таныта білмейтін, сүитіп өзінің халықтан қалай айрылып қалғанын аңғармай қалатын жағдайлар да жоқ емес. Сондықтан айтыс ақындарымыз мол білімді, шалқар шабыт иесі болумен бірге әрқашан кішпейіл, сыпайы болуы тиіс. Сонда ғана олардың халық ортасындағы абыройы арта түсетін болады.

Қазіргі ақындар айтысында әр жұп ақынға берілген он неше минут уақыттың жартысынан көбі амандасуға, айтыс өткізіп жатқан жердің арғысы мен бергісін қозғауға, түрлі мақтау мен мадақтауларға кететін, тек содан кейін ғана әріптесін ұмытып кеткендей «е, сен бар екенсің ғой» деп сөз қозғайтын жағдай, сүитіп уақыт жағынан шуалшаңдық, мазмұн жағынан бір сарындылық жүз беретін кемістіктер де үнемі байқалуда. Сондықтан айтыс ақындары мүмкіндік бар уақытты ұту үшін сахнаға шыға сала шартпа-шұрт айтыса жөнелуге дағдыланулары қажет. Әсілі сөзге сөз қайтарып, ұстасып айтысу айтысты айтыс ететін алтын арқау есептеледі. Себебі айтыс әріптес жақтардың жеңіс-жеңілісіне сол уақыт, сол майданның өзінде дұиым жұрттың алдында кесім айтылатын өнер сайысы.

Тұтас айтыс барысында біріншіден, мазмұн, яғни өлең сапасы кемелді болуы керек. Бұл әдебиет теуориясына тән түиіндерді, айталық, өзекті идея, тіл көркемдігі, ұиқас т.б. Екіншіден, сахналық обыраз, яғни көрінісі көркем болу тиіс. Айталық, ақынның киім киінісі, отырысы, домбыра ұстауы, бет әлпетіндегі психологялық жағымдылығы, қимыл сұлулығы т.б. Үшіншіден, ән әуені мен домбыра дыбысы, яғни орындау шеберлігі тәбиғи жарасымды болуы тиіс. Айталық, ақынның талдаған ән ырғағы мен домбырасының үні өзара сәйкесуі қажет. Ақындар айтысында бір уақыттың өзінде өлең, ән, музыка, көрініс, сахналық тартыс қатарлылар өзара кірігіп ұштасып жатады. Осы қасиетіне сай айтыс ақыны болған адамның әрі ақын, әрі артист, әрі әнші, әрі актер, әрі музыкант ролын бір өзі атқаруына тура келеді. Өткенде Күитүнде оздырылған ақындар айтысына жоғарыдағы талаптар өлшем етілді. Әсілі бұл талаптардың ортаға қойылуын біз бір жағынан партия мен үкіметтің ұлтымыздың ақындар айтысына мән беруінің жаңа бір бейнесі деп қарауымыз, енді бір жағынан жаңа дәуірдің ақындар айтысы қимылына қойып отырған тың талабы деп түсінуіміз қажет.

Ұлтымыз сахара мәдениетін жаратуға, көшпенділер өркениетін дамытуға орасан зор үлес қосқан ұлттардың бірі. Әне сол сахара мәдениетінің тек ұлтымызға ғана тән, бөгенайы бөлек үлкен бір саласы осы ақындар айтысы. Ақындар айтысы қай қырынан қарасақ та дүние жүзілік мәдени мұра қатарына қосылуға тиісті ауыз толтырып айтарлықтай толымды мәдени қимылымыз есептеледі. Айтыс ақындары осы мәдени қимылымыз арқылы ұлтымызды өзге ұлт халықтарына таныстырушылар әрі өзімізді өзімізге әр қырынан қайталай танытушылар. Әне сондықтан айтыс ақындарымыз, айтыс сынды ұлтымыздың осы бір асыл мұрасын қай-қашанда ойнап-күліп, көңіл көтеріп қалудың бір реткі орайы деп оған жеңіл-желпі қарамаулары, қайта оны бүгінгі дәуіріміз өздеріне жүктеп отырған, ұлттың келешек мүддесімен тікелей қатысты, тарихилығы төтенше күшті мәдени қимыл, өскелең саяси міндет деп түсінулері, Қазақ ұлтының дәстүрлі ұлттық мәдениетін, салт-санасын, Қазақы қасиеттерін, ана тілімен айшықталған әдеби тілін заман талабына сай сақтап, әрлендіріп, оны онан ары дамытуға тиісті ұлт алдындағы ұлағатты борышымыз деп қараулары қажет.

“Соңы ”
жауапты редакторі : Асқар Жаңабекұлы
 
   бұл хабарға бағаңыз
  • 1. Жұңхуа Халық Республикасының қатысты заң-ережелеріне бойсынып,торапта мөралды болыңыз, сіздің әрекетіңіз себебінен тікелей немесе жанамалай туындаған заңдық жауапкершілікті өзіңіз арқалайсыз.
    2.Қалам атыңыз бен жазған лебізіңізді басқарудың барлық ұқығы Халық Торабына тән.
    3.Халық Торабының сіздің Халық Торабының лебіз жазу бетіне жазған лебізіңізді торап ішінде көшіру немесе лебізіңізден ситат келтіру ұқығы бар.
    4.Егер басқару жағына пікіріңіз болса,лебіз жазу бетінің басқарушысына немесе Халық Газеті Мекемесінің Торап Орталығына аңыс етіңіз.