Бетті сақтау | Бас бет етү | Хабарласыныз | Біз туралы Жүңго коммунистік партясы ақпарат сайты 
  • Орталық
  • Ел іші
  • Қалықара
  • Шинжйаң

СҮРЕТТІ ҚАБАР

كيىم مەن بەلگىلەرگە تۇسىنىك

جيابجياب



حالىق تورابى>>Қазақша>>Ой турғы

Өз Тіліңді Игеріп, Өзге Тілге Өріс Аш

Ыспандияр Солташұлы

2011.07.08 16:47    келу қайнары :Халық торабы


Менің бұл мақаланы жазуыма әуе толқыны арқылы Айнұр Құсыман қызы жүргізген Шыңжаң Қазақ радиосының «Қауашақ» бағдарламасында, Санжы қаласы Ашылы ауылы «қос тілді» балабақшасы құрылғандығының 5 жылдығы байланысымен өткізілген қимылда, малшы балаларының қос тілге бірдей жетілген балдырған тілін радиодан естіп, айрықша әсерленуім себепкер болды.

Районымызда аз сандағы ұлттарға бағытталған «қос тілді» оқыту жүиесі біртіндеп жүзеге асырылғалы 10 жылдан астам уақыт болды. Бұл оқыту жүиесі қазір өтпелі дәуір мезгілін бастан кешіріп, бар күшпен жалпыластырылу кезеңіне өтті. Автономиялы райондық халық үкіметі бұл жөнінде 2004 жылы аз ұлт райондарында «Ұлттық орта, бастауыш мектептерде "қос тілді" оқыту жаппай жүзеге асырылады»,- деп арнайы қарар қабылдап, тұрақтандырды. Осы үндеуге сай, ұлтымыз жиі қоныстанған өңірлерде Ханзу мектептері мен Қазақ мектептері біріктіріліп, оқу-оқыту істерін қосып басқару қимылы қауырт қолға алынды. Сүйтіп біріккен мектептердегі «қос тілді» Қазақ балалары кластарында «ана тілі» мен «әдебиет» сабағынан басқа пәндердің бәрі дерліктей Ханзу тілінде оқытылатын болды. Әрқандай істің екі жағы болатыны сияқты, уақыт өте келе «қос тілді» оқытудың да өзіне тән артықшылықтары мен кемістіктері байқала бастады. «Қос тілді» оқытудың жүзеге асырылуындағы артықшылық, әрине, басым орынды иелейді. Оқу-оқытуды мұндай үлгіде жүргізу елімізде аз ұлт балаларын өз тіліне қанық болуы негізінде, мемлекеттік тілге (Ханзу ортақ тіліне) жетік жетілдірудің; ұлттар ара салыстырмалы парықты азайтып, өзара теңдікті, түсіністікті тереңдетудің; жаңа дәуірге, әлемдік жалпы дамуға сәйкесіп, ұлттар ара ғылым-мәдениет алмасуын күшейтіп, дәуірмен тең алға ілгерілеудің; экономиканы гүлдендіріп, қоғамның орнықты, тыныштығын сақтап, социалистік тамаша ұлт қатынасын анағұрлым нығайтып, жарасымды қоғам құрудың қажеттілігі екендігін өмір амалйаты растап, оны онан ары айқын дәлелдей түсті.

Тіл ــ адамдар ара ең маңызды қарым-қатынас құралы. Ол бір ұлттың ұлт болып еңсе көтеріп тұруындағы ең негізгі фактор, ұлт рухының арқауы, ұлт мәдениетінің мәйегі. Ұлтымыз ежелден «Өнер алды қызыл тіл» деп, тілді күллі өнердің ең биігіне шығара бағалаған. Экономиканың жершарылануы, ғылым-техниканың дамуы, білімнің күн саиын жаңалануына баиланысты, өмірдегі жаңалықтарды дер кезінде қабылдап, төңіректің төрт бұрышындағы құбылыстардан хабарлы болуда тілдің маңызы төтенше зор. Әне сондықтан да жуық жылдардан бері дүние жүзі халықтары арасында өзара тіл үирену жаңа бір өрлеуге көтерілді. Ұрпағым ұлағатты болсын деген ұлтымыз азаматтары бұл ауқымды ерте сезініп, балаларының өз ана тіліне қанық болуымен қатар, өзге ұлт тілдерін үиренуіне баса мән бере бастады. Үйткені бүгінгі қоғамның қарқынды дамуы мен адамдардың өмір сүруі барысындағы күрделі бәсекелік ауқым әрқандай ұлт азаматын сен көп ұлттың, я аз ұлттың уәкілісің деместен, барлығына тең дәрежеде сараптама жасап, әр адамның қоғамдық ортадан бір кірпіштік орнын өзі тауып қалануына тамаша орай жаратып беріп отыр. Сондықтан қазіргі қоғамдық даму мен ауқымды бәсеке ұлтымыз азаматтары жөнінен мүмкіндік бар «қос тілді» болып қана қалмастан, қайта «көп тілді» болуды барынша талап етуде. Үйткені сіз «қос тілді», тіпті «көп тілді» болған сайын сізге әлем көкжиегі айқара ашылмақ. Ал «қос тілді» оқытудың жолға қойылуында кез болған кейбір түиткіл түиіндерге үңілер болсақ, осы оқыту тәсілінің дәріптелуіне сай, қазір кілең Қазақ тілді және «қос тілді» Қазақ балалары кластарында оқитын бала саны күрт азайып, Ханзу кластарында білім алатын Қазақ балаларының саны еселеп артып, жартылай Қазақ тілді оқытудың өзі онан ары солғындауға ұшырағандығы, сүйтіп оқу-оқыту саласында Қазақ тілінің қолданылу айасы барған сайын тарайу бағытына бет бұра бастағандығы байқалады. Бұрын Қазақ мектептерінде алуан мазмұндағы күржектер құрылып, өз ұлттық ерекшелігіне сай өлең, мақала жазу, дене шынықтыру және ұлттық ән-би, күи, айтыс, ойу-өрнек салу секілді көркемөнерлік қимылдар өткізу үнемі дәріптеліп, әрқашан өзіне тән қасиетімен дараланып тұратын. Ұлттық салт-сана, әдет-ғұрып, киім-кешек, мәдени дәстүр, ұлт рухы мен ұлт тарихы жөніндегі білім жастардың бойына туған халқына тән ерекшелігімен сіңірілетін. Мектептердің біріктірілуімен қазіргі ұрпақтың өз ұлттық мәдениетімен қауышу үрдісі кейінге шегіне бастады. Сүйтіп, мектептерде өз ана тілін жетік меңгеретін шәкірт азайып, өз тілінде сабақ сөйлейтін ұстаздардың өрісі барған сайын тарыла түсті.

Әсілі тіл бір ұлттың өз дәстүрлі мәдениетіне мүрагерлік етуі үшін аса қажетті қару есептеледі. Егер тіл сақталмаса, ұлт мәдениеті өзінің тіршілік тұғырынан айрылғандай күиге түседі. Бұл күндері аты-жөні Қазақ болғанымен, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, киім-киінісі, жалпы ұлттық бөгенайы өзге ұлттан тым парықталып кетпейтін жаңа бір буын ұрпақ өсіп келе жатқандығы байқалады. Баласы Ханзу тілінде оқитын ішінара ата-аналардың «Ханзу тілінде оқығандар ғана қоғамда жарамды болып, өз ана тілінде оқығандар ештемеге жарамай қалады» дейтін сыңар жақтылы түсінігінен, отбасындық кеңесте балаларына өзінің шала-пұшық тілімен Ханзу тілінде сөйлесетін жағдай жарыққа шықты. Сонымен өзге тілді үиренгеннің жөні осы деп, отбасында өз тілі мүлде қағыс қалатын жағдайлар белең берді. Отбасы мен мектепте Ханзу тілінде сөйлеген баланы былайғы жерде өз ана тілін игеріп алады деуге келмейтіндей болып қалды. Оның үстіне бұл күндері қос тілді кластарда «ана тілі» сабағының апталық сағат саны да барған сайын қысқартылып, азайтылуда.

Міне, бұл жоғарыдағы жағдайлар бізге өз тілінен гөрі өзге ұлт тіліне бой ұрушылықтың молайып, туған тіліміздің діңін мықты ұстауға қам жасамай болмайтын кезеңге келіп қалғандығымызды аңғартқандай. Қазір «қос тілді» оқытудың мәнін жете түсіне білмеген кей жерлер «қос тілді» оқытуды аз ұлт тіліндегі мектептерді Ханзу тіліндегі мектептерге қосып, Ханзу тілінде ғана сабақ өту деп сыңар жақтылы түсініп, сол бойынша оқу-оқыту қимылын жүргізуде. Сүйтіп, қазір «қос тілді» оқытудың жүзеге асырылуында жалпы беталыс дұрыс болғанымен, ішінара орындарда, оқыту тәсілі оқытудың нақтылы талаптарына сәйкеспей отырған жағдайлар да белең бере бастады. Айтып отырғанымыздай, кей орындарда оқытудың мазмұны негізгі атау мағынасынан алшақтап, дара тілді оқыту, яғни Ханзу тілді оқыту болып тұлғаланып, жергілікті ұлт тілінде оқытуға немқүрайды қарау жағдайы туылған. Қазір ішінара орындарда қос тілге бірдей жетік оқытушылар қосыны болмағандықтан, қос тілде сабақ өтілетін кластарға көмекке келген оқытушы деп практикаға түскен, жергілікті ұлт тілінен ешқандай хабары жоқ, тәжірибесіз жас Ханзу оқытушыларға сабақ өту міндетін жүктеп қойатын болған. Уақыттық міндет атқару үшін келген, кәсіпке ысылмаған, жауапкершілігі аз, жергілікті ұлт тілінен хабарсыз мұндай оқытушыларға сабақ өткізуден сабақ сіңімі төмендейтін жағдайлар байқалған. Қазір кей жерлерде кілең Қазақ тілді және «қос тілді» Қазақ балалары кластарында оқып жатқан оқушылар қатарынан оқуда жақсы балалардың өз қалауымен іргелес Ханзу мектептерге кіріп оқуынан және район іші мен ішкері Шыңжаң кластарына үздік оқушылардың таңдалып қабылдануынан, кілең Қазақ тілді және «қос тілді» Қазақ балалары кластарының орташа білім деңгейі төмендеп отырғандығы ескерілмей, «Бүкілдей Қазақ тілді және «қос тілді» Қазақ кластарынің оқыту сапасы төмен, сондықтан оларды Ханзу мектептеріне қосып, қысқартып, жабу керек»,ــ дейтін сыңар жақтылы ұғым да пайда болған.

Әсілі «қос тілді» оқытудың мағынасы жалаң Ханзу тілді оқытудың абыройын көтеруге ғана қаратылмаған. «Қос тілді» оқыту деген атаудың өзі аңғартып тұрғанындай, ол алғашында кең мағынада, жаратылыстық пәндерді Ханзу тілінде, қоғамдық пәндерді жергілікті ұлт тілінде оқытуға қаратылса; кейін тар мағынада, «ана тілі» сабағы мен «әдебиет» сабағын жергілікті ұлт тілінде, қалған пәндерді Ханзу тілінде оқытуға қаратылған. Сондықтан «қос тілді» оқыту мейлі қандай мағынада жүргізілсін, ол әсте жалаң тілді оқыту болмай, қайта өз тілі өзге тілді үиренудің көпірі, өз тілі өзге тылдың тұғыры, іргетасы болуы негізінде екі тілді қатар, тең игеруді дәріптейтін оқыту болуға тиіс. Міне бұл «қос тілді» оқытудың жетуге тиісті ең негізгі мақсаты. Партия мен үкіметіміздің көзде ұстап отырғаны да осы. Ол әсте біреуі арқылы біреуін шетке қағу, біреуі арқылы енді біреуін тежеу емес. Міне бұл жағдайлар кезекте жаңа дәуіріміз жағынан біздің ағарту шебіндегі ұлтымыз қызметкерлері мен қалың ұстаздарымыздың және ата-аналар мен аға буындарымыздың алдына қойылып отырған бірден бір ұлттық ерекшелікке сайатын, қадағалап назар аудармай болмайтын, көп болып бас қатырып, тиімді жол қарастыруға тиісті, кейін «қап!»-деп опық жеп қалудың алдын алатын, ұлттың келешек мүддесімен тікелей қатысты, келелі тарихи міндет.

Қазіргі жағдайда Ханзу тілін үиренудің ортасы қала-қалашықтарда төтенше қойу болғандықтан, «қос тілді» оқытудың салмағы Ханзу тілінде қалай оқыту болмай, қайта «ана тілі» сабағы мен «әдебиет» сабағын өз тілімізде қалай оқыту болуға тиіс. Яғни қала-қалашықтарда ата-аналарымыздың назары ұрпақтарының Ханзу тілін қалай игеруіне қаратылмай, қайта өз тілімізді қалай үиреніп, қалай игілігіне жарата алады деген мәселеге қаратылса жөн болғандай. Үйткені қала-қалашықтарда Ханзу тілін үиренудің тілдік ортасы қойу болғандықтан, ұрпағыңыз сіздің көп қузауыңызды қажет етпей-ақ, тұлғалы тілді өзі-ақ үиреніп алатын болады. Сонда мәселенің алдағы түиіні, қала-қалашық балалары жөнінен алып айтқанда, көбінесе өз тілімізге бағытталғаны жөн. Ата-ана жөнінен алып айтқанда, өз ұрпағының ана тілінен көз жазып қалмауы үшін, отбасында, күнделікті семиялық кеңесте қолданыстағы тілі тұнық өз тілінде болып, балаларына Ли Бай өлеңдерін өздеріне Абай өлеңдеріндей шебер тілмен айшықтап жеткізіп беру талабын қойа білгені оң болмақ. Қазіргі жағдайда ана тілімізді сақтап, оны қорғап қалудың ең ұтымды жолы отбасындық қорғау болмақ. Егер күнделікті отбасындық кеңесте азаматтарымыз осылай істей алмаса, онда уақыт өте келе еліміздегі анау бәлен ұлт делініп, аты ғана сақталып жүрген ұлттардың қатарынан біздің де бой көрсетуіміз ғажап емес! Алда мұндай күиге түсуді қазіргі кілең Ханзу тілінде оқып жатқан, өте аз сандағы ұлтымыз ұрпақтарының ең қарапайымы өз ата-анасына ізеттілікпен, иіліп сәлем бере білмей, соға-моға өтетін, сөзі мен әрекеті таудан тас домалатқандай дөрекі, Қазақы әдеп-иба, мінез-құлық, салқын қандылықтан жұрдай мәңгүрт, безбүирек ұрпақтың жетіліп келе жатқандығынан аңғарып алуға болатындай. Егер қазір белең бере бастаған, ұлттық қасиетімізге сәйкеспейтін мұндай жат қылықтардың алды ертерек алынбай, осы қалпы кете берсе, онда кейін тек пәлен ұлттың баласы едік деп есіне ғана алатын, өзге бір ұлт уәкілдерінің өмірге келуі әбден мүмкін. Сондықтан біз тұтас ұлт болып бұл салада ұтымды ой қарастырып, өнімді жол таба алмасақ, онда біздің болашағымыз тек мәңгүрт ұрпақтың қолында құрыдымға кетері хақ!

«Қос тілді» оқыту партия мен үкіметіміз жағынан бекітіліп, партиямыздың батыс өңірді қауырт ашу саясатының маңызды түиіндерінің бірі ретінде тұрақтандырылып, оны жаппай жүзеге асыру дәріптеліп отырған қазіргі таңда, біз «қос тілді» оқытудың атқарылуы дұрыс болды, я дұрыс болмады деп, оны талқыға салып әуре болуымыздың қажеті жоқ. Үйткені, осылай істеу партиямыздың үндеуі болғандықтан, оны атқару сіздің де, біздің де борышымыз болмақ. Сондықтан, біз былайғы жерде партиямыздың үндеуіне батыл үн қосып, «қос тілді» оқытуды онан ары дәріптеп, оны қайткенде ұлтымыздың игілікті ісі үшін ойдағыдай қызмет еттіре аламыз деген мәселеге, партия мен үкіметтің қатысты саясаттарынан қайткенде тиімді пайдаланып, оны өз тілімізді, ұлттық болмыс-бітімімізді, күллі ұлттық рухани құндылықтарымызды ақаусыз сақтап, қорғап қала аламыз деген сыйақты мәселелерге көбірек ой жүгіртіп, амал қарастырғанымыз жөн. Қазіргі тоғыспалы мектептердегі «қос тілді» Қазақ балалары кластарында «ана тілі» мен «әдебиет» сабағынан басқа пәндердің бәрі дерліктей Ханзу тілінде оқытылып жатқан жағдайда, біз осы сабақтарды өтуді ойдағыдай ұиымдастырудың жаңа жолын қарастыруымыз, аталған сабақтардың оқулық мәтериялдарын «қос тілді» оқытудың талаптарына сай, мазмұндық жақтан Ханзу тілінде өтілетін басқа әрқайсы пәндердегі атау-термиіндерді қамтитын етіп, оқушылардың жас ерекшелігі негізінде жаңалап, кемелдендіріп, қайтадан құрастырып шығуымыз қажет. Кілең Қазақ тілді және «қос тілді» Қазақ балалары кластарына арналған «Ханзу тілі» оқулықтарына әр түрлі пәндердің атау-терминдері Қазақша-Ханзуша баламасы бойынша кіргізіліп толықтырылуы керек. Мектеп өмірі мен оқушыларға қатысты Қазақ тіліндегі әр түрлі газет-журналдармен оқушылар молынан қамдалып, олардың ана тілі сөздік қорының молайтылуына тамаша шарт-жағдай жаратылып берілуі қажет.

«Ана тілі» мен «әдебиет» сабағын өтетін оқытушылар бәсекеге түсіп сараланған, мол кәсіби қабілетке ие, шынайы дарын иелері болуға тиіс. Үйткені, бұл төтенше мән беретін маңызды түиін. «Ой салу ــ ұстаздан, ойлану ــ шәкірттен» дегендей, оқушыларға ой сала алатын, кәсіпке мықты, ұлағатты ұстаздар таңдалуы қажет. «Қос тілді» кластарға клас жетекшісі болатын адам қайсы ұлттан болуына қарамастан, ол, сөз жоқ, екі тілге бірдей жетік, Қазақ ұлтының таңдаулы дәстүрі мен мәдениетіне қанық әрі соған сай тәрбие жүргізе алатын азаматтардан болуға тиіс.

Қазір қыстақтардағы бастауыш мектептер біріктіріліп, ауылдардан ашылатын, ауылдардағы орталау мектептер біріктіріліп, аудандардан ашылатын болды да, тек санамалы қыстақтарда ғана оқыту түиіндері қалды. Осындай жағдайда 1–2 клас оқитын жас жеткіншектердің өзі ауылда және ауданда жатақханаларға жатып оқитын болды. Ана сүтінің дәмі ауызынан толық кете қоймаған бұндай кішкентай балалар ақыл-ой, дене жақтарынан әлі толыса қоймағандықтан, мектеп жатақханаларының тұрмысына бірқыдыру уақытқа дейін үилесе алмауда. Қарамаққа олар шарт-жағдайы бір саты жоғары мектептерде оқып білім алғандай көрінгенімен, іс жүзінде жас шамаларының тым кішкене болуына байланысты және жатақханалардың басқарылуы мен оқытуға ұиымдастыру қатарлы буындардың балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкестірілмеуі қатарлы себептерден олар қарапайым қыстақтарда ашылған бастауыш мектептерде алуға тиісті білім деңгейіне де ие бола алмауда. Қазіргі мектептерді қысқартып, бір-біріне қосудан туындап отырған ұлттық оқытушылар мүддесіне қатысты маселелер өз алдына бір төбе. Ал ақыл-ой, дене тұлғасы жағынан әлі толық жетіле қоймаған балаларды ата-ана тәрбиесінен ерте айырып алудан туындайтын психикалық әсер, өсіп-жетілуге әсер қатарлылар да өз алдына бір тақырып. Сондықтан мектептерді шоғырландырып басқаруда аптығып, албырттыққа салынбай, барлығын бір шыбықпен айдамай, әр жердің іс жүзіндік шарт-жағдайы көзде ұсталатын болса; мүмкіндік бар ауылда орталау, қыстақтарда оқыту түиіндері жабылмаса; егер реал жағдай бұлай істеуге шынында жар бермесе, онда шоғырландырылып ашылатын мектеп жатақханаларының басқарылуы мен оқытуға ұиымдастыру қатарлы буындар балалардың жас ерекшеліктеріне сай кемелдендірілсе; жатақхана қызметкерлері жалданба қызметкерлер болмай, екі тілге тең жетілген, кәсіби маман қызметкерлер болса; бейне балабақшаның арнайы тәрбие көрген қызметкерлеріндей, тәрбиеші ұстаздар қызмет атқаратын етіп орналастырылса, онда «қос тілді» оқыту ісі халық қалауынан шығып, қазіргі партия мен үкіметіміз дәріптеп отырған «Халық разы болатын оқу-оқыту ісі» ойдағыдай жүргізілген болып, төменде қарапайым халық балаларының жастайынан жатақханаларда жатып оқып, білім алуынан алаңдамас еді. Міне бұл соңғы мазмұн қатысты үкімет тарауларының айрықша мән беріп, әсте сөз бұидалыққа салынбай, тез арада бір жайлы етуіне тиісті түиіндер.

«Қос тілді» оқыту ісі әрқашан оқу-оқытудың ғылыми заңдылығына сай біртіндеп жүргізілуі тиіс. Егер оған жалаң әкімшілік тәсілмен ғана тез атқарту әдісі қолданылса, онда алда тұтас білім беру жүиесі бүлініп, қалпына келуі оңайға түспейтін зардаптардың туындауы әбден мүмкін. Егер біз шынында «қос тілді» оқытудың өнімін тез көруге асықсақ, онда ауылдарда «қос тілді» балабақшаны ашуды бар күшпен жалпыластырсақ, тіпті шарт-жағдайы бар қыстақтарға дейін «қос тілді» балабақшаны кемелдендіріп ашу жұмыстарын тез арада қолға алып, оны ойдағыдай істесек, онда нұр үстіне нұр болған болар еді.

«Қос тілді» оқытуды жүзеге асырып, мектептерді біріктіріп басқаруда жұрт қазір неден алаңдайды? Бізше болғанда, мұнда мынадай екі түрлі себеп бар: бірі, «қос тілді» оқыту жаңа оқыту тәсілі болғандықтан, қарапайым халық «қос тілді» оқытудың өз лайығымен қалыпты жүргізілуіне аптықпалық пен асыра сілтеу араласып, күндер өте келе өзінің ана тілі мен жазуынан жұрдай болып, айырылып қалудан алаңдаса; енді бірі, бөгенайі бөлекше салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті, тарихы мен тағылымы сынды толып жатқан рухани құндылықтарының келешекте өз тілін өзі білмейтін ұрпақтары жағынан иесіз қалып қойуынан алаңдайды. Әсілі бұл алаңдау кейбір жерлерде «қос тілді» оқытуды тез арада жаппай жолға қойу керек деп, мектептер жапа-тармағай біріктіріліп, шарт-жағдай толық әзірленбей жатып, сабақтар Ханзу тілінде сөйленіп, Ханзу тілін білмейтін оқытушылар сабақ сахынасынан ығыстырылып, бір түрлі шұғыл күи қалыптасуынан болды. Жұрт бұл күндері орталықта өз тілінде ақпарат, баспа сөз мекемесі бар 5 аз ұлттың бірі болудай салауатын үздіксіз сақтап, орталықтың үнін астанадан ауылға дейін жеткізіп, өз халқының сусынын толық қандырып келе жатқан, қасиетті халықтық тілінің былайғы жерде қаймағының әлі де бұзылмай өз жалғасын таба беруін, өмірдің қыры мен сырын тоқсан толғап жеткізіп беруге қуаты толық жететін бай, кемелді тілінің былайғы жерде дәрменсіз күиге түсіп қалмауын тілейді. Дәл осы мазмұнда көрнекті ағартушы, қоғам қаираткері, жазушы, ғалым Сұлтан Жанболатов ағамыз өткен жылы «Шыңжаң газетінде» жәряланған «Үш керек» атты мақаласының «қорғау керек» деген үшінші мазмұнында, ұлттық тілімізді қорғаудың қажеттілігі жайында: «Ана тіл қүрметтелмесе, қорғалмаса, мына болашақты ешкім де қисынсыз дей алмайды: бірінші, ана тіліміздің қолданылу айасы қатты тарылады. Екінші, баспа сөз және ақпарат құралдарымыздың ана тілге сүиенген тобы алдымен оқырманның, сосын көрерменнің азайуынан барып жабылады. Үшінші, ана тіл алдымен отбасындық тілге, сосын өлі тілге айналады. Төртінші, әуелі тіл, сосын ұлт аты қалғанымен, заты жоғалады»- деп, өте тамаша ой толғаған болатын.

Бас шужи Ху Жинтау жолдас орталықта ашылған ұлт қызметі мәжілісінде аз ұлттардың тілін қорғаудың қажеттілігі жайында: «Біз әрқаисы ұлттың тәрихи даму барысында қалыптастырған дәстүрі, тілі, мәдениеті, ғұрп-әдеті, психологиялық тұтастығы секілді жақтағы парықтарын толық түсінуіміз және оған құрмет етуіміз, олардың өмір сүруіне нем құраиды қарамауымыз, сондаи-ақ оларды зорлау тәсілін қолданып өзгертпеуіміз керек»-деп, аса көрегендікпен маңызды нұсқау көрсетсе; мемлекеттік ұлт істері комитетінің орынбасар меңгерушісі Дан Жуаңбын жолдас мемлекеттік ұлттық тіл-жазу қызметі мәжілісінде жоғарыдағы маңызды нұсқауды онан ары аиқындаи түсіп: «Көп тіл жараса көркеиетін орта қалыптастыруда ــ Ана тілді негіз ету принципінде табанды болу керек. Бұл ــ Ана тілді бірінші орынға, өзге тілді екінші орынға қоту керек деген сөз»- деп, айқын атап көрсетті.

Міне, бұл жоғарыдағы ұлағатты үндеулерден, біз ешбір әрі-сәрі болмастан, елімізде аз санды ұлт тілдерінің айалап қорғалуға тиісті екендігін айқын аңғарып ала аламыз. Көшбасшы көреген партиямыз да ежелден бері: Еліміз бірлікке келген көп ұлтты социалистік мемлекет, социализм дәуірінде ұлттар ортақ көркейіп, гүлденуге тиісті, саяси, заңдық тұрғыда, әр ұлттың өз тіл-жазуын қолдану ұқығы бар, ұқсамаған ұлттардың тіл-жазуы әсте құнды-құнсыз деп айырылмайды, барлығының орны тепе-тең ــ деген ойды үнемі дәріптеп, ұлттық территориялы автономия заңының 10 тармағында: «Аз ұлттарда өз ұлтының тіл-жазуын қолдану және дамыту бостандығы болуына кепілдік етіледі»- деп, еліміздегі ұлттардың тіл-жазу еркіндігін заң жүзінде кепілдендіріп, ұлттар теңдігіне шынайы қүрмет етіп келеді.

Қысқасы, қазір аз санды ұлттардың тіл қолдану айасында үлкен ауқымдық өзгеріс бола қойған жоқ. Партиямыз аз санды ұлт тілдеріне қарата сақтап қалу, қорғау, дамыту саясатын үзбей дәріптеп келеді. Сондықтан ұлтымыз азаматтарының былайғы жерде осы бір табан тірер тыянақты өз мүдделері үшін үздіксіз қізмет еттірулеріне әбден болады. Қортып айтқанда, «қос тілді» оқытудың ойдағыдай жақсы жүргізілуі үшін, әуелі үкімет жағынан төтенше мән беріліп, басшылық күшейтілуі; қатысты тараулардың оқытуға танымын жоғарылатуы; «кеңеспен пшкен тон келте болмайды» дегендей, мектеп, қоғам, ата-ана ұштасқан «қос тілді» оқытуды зерттеу ұиымдары құрылуы; арнайы маман-зерттермені болуы; тұтас оқыту қимылы байыпты қадаммен жүріліп, аптықпалық пен асыра сілтеу нысайлары болмауы; бет перде боларлық жақтарға ғана мән беріліп, қалғандары қалтарыста қалатын формашылдық пиғылдардың алды алынуы; оқу-оқыту барысында орын тепкен мәселелер тереңдей зерттеліп, қатысты тарауларға құнды тексеру мәтерялдары тапысырылып, кеңеспен шешілетін жұмыстар ортаға салынып тұратын болуы; сүйтіп, тұтас оқыту ісінің дұрыс арнаға түсуіне тамаша қоғамдық орта қалыптастырылуы қажет.

Көз алдағы және ұзақ болашақтық тұрғыдан қарағанда, «қос тілді» оқытудың жүзеге асырылуы ұлтымыз үшін төтенше тиімді. Мұны қазір жалпы халық та қуана қолдап-қуаттап отыр. Ұлттың тағдырын, елдің ертеңін ойласақ, келешек ұрпақтың «қос тілді», тіпті «көп тілді» болуы аса қажетті. Алдағы күндерде ұрпағыңыз шүлдірлеген шұбар тілді болмай қайсы ұлт азаматымен жүздессе, сол ұлт тілінде еш іркіліссіз сөйлесе алса, мұның өзі үлкен біліктілік есептелмек.

Өз дәуірінің ақылгөй данышпаны Абай да өзге тілді үиренуді барынша дәріптеген. Жоғарыда айтқанымыздай жуық жылдардан бері дүние жүзі халықтары арасында өзара тіл үирену үлкен өрлеуге көтерілді. Еліміздегі бірден бір тұлға ұлт Ханзу халқы да үлкен тұлғалық жақтан Ағылшын тілі сияқты ықпалды тілдерді, ал кіші тұлғалық жақтан, аз сандағы үлттармен кіріге қоныстанған өңірлерде сол ұлттың тілін үиренудей «қос тілді» болуды, «көп тілді» болуды дәріптеп отыр. Міне бұдан елімізде «қос тілді» оқыту тек аз санды ұлттарға ғана қаратылып отырмағандығын аңғаруға болады. Сондықтан «қос тілді» оқыту делінсе болды, онан қайдағы бір алып қашпа ойларды туындата берудің де жөні жоқ. Философиялық қағида бойынша қарағанда, әрқандай істің дамуы мен кері кетуінде ішкі себеп қашанда шешуші рол атқарады. Қазіргі тіліміздің қадыр-қасиетінің солғындауына сыртқы себеп емес, қайта ішкі күш, яғни аз сандағы өз ұлтымыздан шыққан ерік-жігері әлсіз, өз ұлтына өзі қорлана қарайтын, өз тілінен өзі безінген, жетесіз, шұбар тілділер, өз қамын ғана күиттейтін зялысмақтар әсер етіп отыр! Алда тілімізге ешкім де сырттан тізе батырмай-ақ, тіліміздің құтын қашырып, көсегелі көгенін үзетіндер де әуелі солар болмақ. Егерде алда біреулер үлтжандылықпен, «тіліміздің босағасы босап, шаңырағы шайқалады-ау», -деп, қарадай қауіптеніп алаңдар болса, онда мен ешбір әрі-сәрі болмастан: «Сол қауып әуелі өз ішіміздегі тексіз, жетесіз, әлжуаздардан болады»,– дер едім. Қоғам дамуының туындысы болған «қос тілді» оқытуды жалпыластыруда белгіленген саясат айқын әрі төтенше дұрыс. Партия мен үкіметіміздің көздеген мақсаты келешек ұрпақты екі тілде бірдей жетілдіріп, адам сапасын жоғарылатып, жалпы халықты дәуірмен тең алға бастыру.

Ұрпағыңыздың қос тілге бірдей жетіле алуы, әуелі ата-ана сізге байланысты. «Балапан ұядан нені көрсе, ұшқанда соны алады» дегендей, шыр етіп жерге түскеннен, ес жиып, етек жапқанға дейін, ана тілі құлағына сіңе берсе, балаңыздың орта жолда өз тілін жоғалтып қойуы мүлде мүмкін емес. Ендігі мәселе «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,- деп, ақын Қадыр Мырза Әлі айтқандай, әуелі өз ана тілімізді қүрметтеп, оны ардақтап, аиалап үиренейік те, өзге тілдің бәрін білуге барынша құлшыныс жасайық, ардақты ағайындар!

“Соңы ”
жауапты редакторі : Асқар Жаңабекұлы
 
   бұл хабарға бағаңыз
  • 1. Жұңхуа Халық Республикасының қатысты заң-ережелеріне бойсынып,торапта мөралды болыңыз, сіздің әрекетіңіз себебінен тікелей немесе жанамалай туындаған заңдық жауапкершілікті өзіңіз арқалайсыз.
    2.Қалам атыңыз бен жазған лебізіңізді басқарудың барлық ұқығы Халық Торабына тән.
    3.Халық Торабының сіздің Халық Торабының лебіз жазу бетіне жазған лебізіңізді торап ішінде көшіру немесе лебізіңізден ситат келтіру ұқығы бар.
    4.Егер басқару жағына пікіріңіз болса,лебіз жазу бетінің басқарушысына немесе Халық Газеті Мекемесінің Торап Орталығына аңыс етіңіз.