Бетті сақтау | Бас бет етү | Хабарласыныз | Біз туралы Жүңго коммунистік партясы ақпарат сайты 
  • Орталық
  • Ел іші
  • Қалықара
  • Шинжйаң

СҮРЕТТІ ҚАБАР

جيابجياب



حالىق تورابى>>Қазақша>>Ой турғы

Бәсеке, Қысым, Орай

Ыспандияр Солташұлы

2011.07.14 16:28    келу қайнары :Халық торабы


Қоғам алға ілгерілеп, экономика дамыған сайын оның адамдарға болған талабы үздіксіз жоғарлап отырады. Бұл жоғары талаптың туындауына күнделікті өмірімізде үнемі ауызға алынып жүрген бәсеке, қысым, орай ұғымдары қузаушы болуда. Сондықтан, қазіргі заман адамдарында бәсекеде алда болатын алымдылық пен арын; қысымға төтеп бере алатын қабілет пен қуат; орайдан оңтайлы пайдалана алатын орамдылық пен іскерлік болуы қажет. Біз төменде тілімізге тиек етпекші болып отырған осы мазмұндар жайында азырақ айалдаймыз.

Бәсеке. Бүгінгі дәуір ــ бәсеке дәуірі. Қазіргі дәуіріміздегі бәсеке бұрынғы бәсекелерден күрделі әрі қиян-кескі. Үйткені Қазіргі бәсекеде материялдық мүддені өзіне арқау еткен басқа да қыруар мүдделер өзара теке тіреске түсіп, өзара мүиіздесіп, өзара шырма-шату ымыраға келіп тоғысып жатады. Жайшылықта адамдар арасында болатын бәсеке ــ әріптес жақтардың бірі-бірінен озуға ұмтылып, өзіне және қоғамға, сан мен сапа жағынан көзге көрінерліктей қомақты нәтижелерді жарату арқылы өз ықпал көлемін онан ары кеңейте түсуі болып табылады. Міне мұндай бәсекелік таным қашанда тынымсыз еңбектенуді, жалықпай жаңалық жаратуды, өз қатарынан оза шауып, алға ілгерілеуді талап етеді. Демек, біз айтып отырған бәсеке қоғамды жан-жақтылы алға ілгерілететін ең негізгі қозғаушы күш.

Қазіргі әлемдегі бәсеке ــ қабілеттілерге (дарындыларға) қол жеткізу бәсекесі, уақыттан ұту бәсекесі, техника жаңалау бәсекесі, базарды иелеу бәсекесі қатарлы бәсекелерді өзіне негізгі арқау етуде. Даму өресі жоғары, дүниеге ықпалды ұлттардың бәсеке танымы осы жоғарыдағы мазмұндар үстінде құрылған. Ал өз ұлтымызға назар салар болсақ, кезекте ұлтымыз өмірінде, сыртқа бағытталған бәсекеден гөрі ішкі бәсеке біршама басым болып келеді, айталық, той-томалақ бәсекесі, өлім-жітімде шама-шарыққа қарамай орынсыз шашылу бәсекесі, әйелдер қауымы ортасында көлем кеңейтіп шәй ойнын оздыру бәсекесі, рулық түс алған шен-шекпен соғыстырып қара таласу бәсекесі, қарызға белшесінен батып, өзін безендіріп көрсету бәсекесі, қайдағы бір сылтаумен ат-атағын шығару бәсекесі, қарта ойнау бәсекесі қатарлы бәсекелер бұл күндері тиым салған сайын тиылмай біршама етек алып, түрленіп, молайып барады, әсілі бұл бәсекелердің орнын шаруашылықта өзгелерден озып алға ілгерілеу бәсекесі, білім-ғылым үиреніп тұлғалық сапаны жоғарылату бәсекесі, базарға барынша ат салысып, ырықты орынды иелеу бәсекесі, қоғам қажетіне сай келетін асыл дәстүрлерімізді ардақтап, оны өзгелерге танту бәсекесі қатарлы бәсекелер басса оң болған болар еді.

Бәсекеде алда болу үшін, адам алдымен өз тұрғысын анықтап, сол бағытта өзінің ішкі мүмкіндіктерін, кәсіби бейімділігін толық ашуы керек. Қазіргі кәсіптену әр адамнан қолнан келетін жүміспен шұғылдануды қажет етеді. Сондықтан әр адам өзінің кәсіби бейімділігін тауып, сонымен айналысып, соны дамытуы, соған сай білім толықтырып, маман болуға құлшыныс жасай білуі қажет. Күнделекті өмірде әр адам өз кәсібінің шебері, маманы, іскері болмайынша байлықтың бастау көзі оған ашылмайды. Міне бұл қасиет қазіргі дәуіріміздің ең негізгі ерекшелігі болып әйгіленуде. Жайшылықта бір бөлім адамдар өзінің ішкі мүмкіндіктерін, кәсіби бейімділігін толық зер салып, зерделеу жүргізбей жатып албырттықпен әр нәрсеге араласады да екінің бірінде өріс ашып алға ілгерілей алмай тұиыққа тіреліп, кәсібін атсыз-айақсыз қалдырып жатады. Күнделікті тұрмыста жай-жапсарын өзің жете түсінбейтін, қолыңнан толық келмейтін кәсіп түрімен айналысу қоғамға да, өзіңе де пайда жеткізбейді. Өмірдің қай саласын алсақта адамға ең керегі ізденгіштік, іскерлік, кәсіпке сай келетін біліктілік. Сізді былайғы жерде нағыз табысқа жетелейтін осы қасиеттер болмақ.

Қазіргі базар шаруашылығы түзілісі ішінара ізгілік тұрғыдан қол ұшын беру, кемшіл жерін толықтау, жығылып бара жатса басын сүиеу қатарлы адамгершілік көмектерді ауызға алмағанда, адамдарды ұлтына, жынысына бөліп қарамайды, онда адамдарды айалау, есіркеу сезімі болмайды, иә, болған күнде де өте аз кезігеді. Үйткені, әділ бәсекеде болу базар шаруашылығының өзіне тән ең негізгі қасиеті. Базар бәсекесінде білімді ұтады, қабілетті жеңеді, пысық озады, еңбектенген ауқаттанады, бейнеттенуден зейнеттену туындайды, міне бұған жол ашық. Осы жолды ұтымды пайдаланғандар ғана түптің-түбінде көздеген мақсатына жетеді. Егер сіз не білімсіз, не қабілетсіз, не бошалаң, не жалқау, не сылбыр болсаңыз артта қалғаныңыз қалған. Онда кейінгі кездерде ешкімге де өкпе артуыңыздың жөні жоқ, оны тек өз басыңыздан көргеніңіз оң.

Жеке адамның жалпы тұлғалық сапасы бәсекеде жеңіс пен жеңілістің соңғы нәтижесін белгілейді. Жалпы тұлғалық сапада толымды, кәмелетке жеткен адам ғана бәсекеде өз әріптесін жеңе алады, мұндай адамдар қай-қашанда дәуірдің алдыңғы легінде жүріп, өзінің қаланар тетігін дәл тауып қалана алады. Жеке адамның жалпы тұлғалық сапада жетілуі, тек, қажырлылықпен беріле үирену, тынбай ізденіс жасау арқылы ғана жүзеге асады.

Қай саланы, қай кәсіпті, қандай өнерді, қандай техниканы нендей мақсатпен, қайтып, қалай үирену міне бұл өз еркіңіздегі жұмыс. Оны өз бейімделгіштігіңіз, қызығуыңыз, сол үшін төккен теріңіз бен құлшынысыңыз белгілейді. Белгілі бір өнерде, кәсіпте, техникада толық жетіле алмаған адам қашанда қорқақ, жүрексіз болып бәсеке майданында табан тіреп тұра алмайды.

Әрқандай адам өзінің жалпы тұлғалық сапасын жоғарылатамын дейді екен, онда ол жалықпай, талықпай өмір бойы үиренуі қажет. Егер сіз малшы немесе егінші болсаңыз өзіңіз қызыққан өнерді игеру жөнінде шынайы бекіміңіз болса болғаны, онда сіз күнделекті шаруаңызды тындыра жүріп, өз қоғамдық ортаңыздан; кітап, газет-журналдан; интернет пен радио-телевизордан; тіпті, болмаса, сол өнерге ысылған маман ұстаздың қасына еріп, қосыла істей жүріп те үиреніп алуыңызға әбден болады. Мәселенің тетігі өз ниетіңіз бен құлшынысыңызда жатыр.

Қазір қоғамымыз орнықты әрі тыныш. Саясат төтенше дұрыс, ол барлық адамға, барлық ұлтқа тең. Біз осындай тыныш, бейбіт, орнықты, жақсы заманда жасап отырмыз, сондықтан, сіз ешкімге де өкпе артып міндетсімей, тіршіліктегі өзіңізге тиесілі арбаңызды өзіңіз айдап, бәсекелі қоғамға еш іркіліссіз араласуыңыз, одан өз несібеңізді молырақ алып қалуға құлшыныс жасауыңыз қажет. Міне бұл бәсекеде сізді ырықты орынға шығаратын ең тамаша адамдық қасиет.

Қысым. Тіршілік күреске, қайшылыққа толы болады. Адамдардың күнделікті тіршілік қимылына қарата қоғамдық өмірдің қузау салып, түрткілік етуі қысым болып қалыптасады. Бәсекелі қоғамда адам өміріне ықпал жасайтын сан алуан қайшылықтар сан алуан қысымды келтіріп шығарады. Осы қысымдарға төтеп беру барысында адамдарда ой туындайды, сыртқы қайшылықтың ықпалы ішкі қысымды арттырып, адам парасатындағы жасырын күшті оятады. Кезінде бір ойшыл «Өмір деген сансыздаған жапа-машақат тізбегінен құралған тәсбиқ, үміткер адамдар бұл тәсбиқ тасын күліп тұрып өткермелей береді» деген екен. Міне бұндай көңіл күиде бола алу, адамдардың істеген ісін оңына бастыруына жебеуші болады. Керісінше болғанда істеген ісіңнің орындалуына кедергі, оралғы, тұсау болады.

Тіршіліктің заңдылығына дұрыс сәйкесе білген адамға, әрқандай істің ыңғайын, өмір өзі үиретеді. Адамдарда тек соған сай келетін алға басарлық рух, қажымас қайрат, мұқалмас жігер, тынымсыз талпыныс болса болғаны. Егер сіз күнделікті қоғамдық өмірде өзіңізге тиесілі болған кәсібіңізде оңды нәтиже шығара алмасаңыз онда сіз бәсекеге толы қоғамдық қысымның алдында әлгі кәсібіңізді ойдағыдай істей алатындарға өткеріп беруге мәжбүр боласыз; егер сіз диқан болып, белгілі бір егіншілік кәсіппен шұғылданып, өзіңізге тиесілі жерді ойдағыдай игере алмасаңыз онда уақыт өте келе әлгі жеріңізді игере алатындарға беріп сытылып шығуға мәжбүр боласыз; егер сіз халық және ұиым жағынан өзіңізге тапсырылған билікті қабілетіңіз жетпегендігі себепті, өз лайығында істете алмасаңыз онда істей алатындарға орын босатып, сытылып шығуға мәжбүр боласыз, тағы сол сияқтылар.

Мейлі қай қоғамда болсын, қайшылық-қақтығыстардың қыспағына ұшырамайтын адам болмайды, оны жеңудің кілті ойға алған істі орындамай тынбаймын дейтін берік ирада және жалықпайтын іздену рухы, кез болған сәтсіздікті сабаққа айналдырып, өріс аша алға ілгерілей алатын талғам-таразы, шынайы қабілет пен қуат қатарлылардың болуында. Егер сіз бұл жақтарда үстем орында тұра алсаңыз онда сізді әрқандай қысым бас идіре алмақ емес.

Орай. Орай ــ заттардың дамуына тиімді мезгілді, шарт-жағдайды меңзейді. Ол объектив сипат алады, оның қай уақытта, қай жерде, қалай пайда болатындығы, қанша уақыт өмір сүретіндігі адамдардың еркінде болмайды. Әрқандай істің орайлы мезгілі орайдың өмір сүру және оның өз ролын сәулелендіру кезеңін көрсетеді. Егер шарт-жағдай мен ортада өзгеріс болса, орай мезгілі соған сай өзгеріп отырады. Орай мезгілін мықты игеру ісіңізді оңына бастырудың тетігі саналады. Қоғамдық өмірге шынайы зер салып, барлай білген адамға істеген ісіңізді оңына бастырудың орайы жеткілікті, мәселенің түиіні сол орайды дәп басып, дер кезінде көрегендікпен байқап, оны икемді түрде игілігіңізге жаратуыңызда. Тарихи тәжірибе-сабақтар орай мезгілін мықты игергенде, дамуды қолға келтіріп, әріптестеріңнен озуға болатындығын; ал орайлы мезгілді игере алмағанда әріптестеріңнің қатарынан кейін қалып, ырықсыз күиге түсетіндігіңді дәлелдейді. Адам миының қуаты мен жасырын күші дұрыс пайдалана білген адамды жетемін деген жеріне жеткізе алады. Өкінерлігі сол қуат пен жасырын күшті адамдардың ашып пайдалануы жеткілікті болмайды. Әсілінде орай барлық адамға бірдей, мәселе сол орайды адамдардың дәп басып тани білуі бірдей болмайды. Өзі жасап отырған қоғамдық ортадан ойып орын аламын деген адам қашанда жағдайға жанаса жүріп, ауқымды дұрыс меңгеріп, өмірге талғампаздықпен, жасампаздықпен қарай алады. Оңтайлы орайды көрегендікпен байқап, оны өз мүддесі үшін икемді игіліктене алады. Осылай істей білген адамдар көз алдындағыны ғана көріп, құр күибіңмен күн өткізбейді, назарды үнемі алысқа тастап, мәселеге түрліше тұрғыдан талдау жүргізіп, ойды кеңніен, арыдан толғай біледі.

Ойымызды жинақтап айтар болсақ, Қазіргі еліміз заң-түзімнің дұрыстығы, қоғамымыздың тыныш та орнықты болуы азаматтарымызға алаңсыз дамудың, көздеген мақсатына жетудің ең тамаша орайын бағыштауда. Бүгінгі қоғамымыздағы адамдар бақытты болудың, бай болудың, білімді де іскер болудың, қысқасы, сегіз қырлы, бір сырлы болудың тамаша орайына ие заманда жасап отыр. Кезінде бұндай тамаша орай аға буын ұрпаққа бұиырмаған еді. Әне сондықтан халқымыздың «Орай екі келмейді, өгіз аттай желмейді» деген даналығы әрқашан азаматтарымызың көкірегінен ойып орын алуы қажет. Бүгінгі азаматтдрымызда мейлі қандай жағыдай болсын, орайды дәл уағында, дәп басып, көрегендікпен байқап, оны икемді әрі іскерлікпен игілігіне жарата білетін қабілетпен қуат болуға тиіс.

Қоғамдық өмірдің қян-кескі бәсекеге толы болатындығы баршамызға белгілі, әне сол бәсекеде озып шығуды өзіне мақсат еткен адамдардың екінің бірінде түрлі қысымға ұшырайтындығы табиғи, ал сол бәсекемен қысым қабаттасқан ортада, адамдардың жол тауып шығып кетуіне қажетті орайлы сәттер де өмір сүреді. Соңғы нәтижеде, осы орайлы мезгілді икемді игере білген адамдар ғана қиыншылық қыспағынан жол тауып, бәсеке майданында ағалап алға шыға алатын болады.

"Соңы"
жауапты редакторі : Нұрғиса Құрманжанұлы
 
   бұл хабарға бағаңыз
  • 1. Жұңхуа Халық Республикасының қатысты заң-ережелеріне бойсынып,торапта мөралды болыңыз, сіздің әрекетіңіз себебінен тікелей немесе жанамалай туындаған заңдық жауапкершілікті өзіңіз арқалайсыз.
    2.Қалам атыңыз бен жазған лебізіңізді басқарудың барлық ұқығы Халық Торабына тән.
    3.Халық Торабының сіздің Халық Торабының лебіз жазу бетіне жазған лебізіңізді торап ішінде көшіру немесе лебізіңізден ситат келтіру ұқығы бар.
    4.Егер басқару жағына пікіріңіз болса,лебіз жазу бетінің басқарушысына немесе Халық Газеті Мекемесінің Торап Орталығына аңыс етіңіз.