< Жаң жының жан серігі − Қазақтың қара домбырасы--حالىق تورابى--人民网
Бетті сақтау | Бас бет етү | Хабарласыныз | Біз туралы Жүңго коммунистік партясы ақпарат сайты    

СҮРЕТТІ ҚАБАР

Кескін



حالىق تورابى>>Қазақша>>Мәденйет

Жаң жының жан серігі − Қазақтың қара домбырасы

2012.12.14 08:28    келу қайнары :Тәңіртәу торабы


  Жаң жының силық алғанын естігенімде титтей де таң қалғаным жоқ. Өйткені тілшілік бабімен Қарамайлыға барғанымда, оның музика ойнайтын бөлмесіне ат басын бұрғаным бар, сонда оның домбырасын бебеулетіп, естіген жанды еріксіз баурап, музикаліқ жасампаздыққа жан - тәнімен берілетінін көргенімде, түбінде бір жолы болып, арманы ақыры іске асатынын іштей сезінген едім.

  Жас Жаң жы бұрын суретші, қазыр музикант болып жұмыс атқарады, домбыраға бала күнінен әуес. Оның тартқан күилерінен, айтқан әндерінен даланың иісі аңқиды, Шинжияңның ерекшелігі сезіліп тұрады.

  Ендеше, Жаң жы Қазақтың күи өнеріне, тіпті, басқа да халықтардың музикасіна неге сонша құмар?

  Шинжияңда туып - өскен Жаң жы осынау ырысты өлке, тынысты даланы құлай сүиеді. Ол: домбыра күилері құлағыма сары далада ызыңдаған желдің үні, таудан құлаған тас бұлақтың сыңғыры болып естіледі, ол табиғаттың күиі, даланың үні. Мен соған ғашықпын, - дейді.

  Еліші − өнер кеніші. Домбыраны шешен сөйлетіп, Қазақтың қаймағы бұзылмаған халық әндері мен күмбірлі күилерін үирену үшін, ол өнер өлкесінде талмай ізденіп, халық өнерпаздарін ұстаз тұтты. Бірде ол Қазақ күи өнеріндегі шоқтығы биік тұлғалардың бірі Қизат Сейтқазинға сәлем бере барады. Жаң жының тоғыз перне, екі ішектен күи сорғалатқанын көргенде Қизат ақсақал қатты тебіренеді. Сол күні Қизат өз үиінде қойанжон дастарқан әзірлеп, бар мәзірін ортаға салады. Дастарқан үстінде Қизат пен Жаң жы күи өнерінің қыр - сыры, домбыраның сазы, Қазақ күилерінің сарыны туралы ақтарыла сырласып, әңгіме тиегін ағытады.

  Ол жыл сайын іле, бұратала сяқты жерлерде шығармашылық сапарда болып, ақындар айтысын тыңдайды. Моңғұлдың созып айтатын әндерін де ерекше ұнатады. « Маған осы әндердің ішкі музикаліқ иірімі керек, олар менің жүрегіме соншалық жақын» , - дейді Жаң жы.

  Шинжияң мәнерін жалпақ жұртқа нәсихаттап, тіпті көп адамның жүрегіне ұялату үшін, Жаң жы « Жолаушы» деген әтпен ансамбыл ұиымдастырып, көпке көнсерт бере бастайды. Арада АҚШ-пен тайуанда көнсерттік сапарда болып, жуықта ғана оралған Жаң жы Ханзу тілді әншілерге берілетін алтын әуен силығы бойынша ең тамаша Ханзу тілді музикаліқ албом және ең тамаша халық әндері силығын, сондай - ақ Ханзу тілді медиялар бойынша ең жарқын жаңа адам силығын алды.

  Оның 2 - музикаліқ албомы « Бақты өткелі» көпшілікпен жүздесу алдында тұр, албомға енгізілген ән - күилер психеделиктік мәнермен байытылған, « Нылқы қалашығы» атты алғашқы әлбөмімен салыстырғанда, бұнда домбыра, шертер, мандалин, гәрмон, нәрінкір, сырнай, сатар, тәмбүр пайдаланылған, мұны Шинжияң музика аспаптарының әлем музикәсімен тіл табысуы деуге де болады. Жаң жы қайда барса да домбырасын тастамайды.

  Шинжяң − өнер өлкесі, ол осында мәңгілік тамыр тартып, зеңгір аспанға қанат қаға бермек. « Шинжияң газеті»
жауапты редакторі : Нұрғиса Құрманжанұлы
 
   бұл хабарға бағаңыз
  • 1. Жұңхуа Халық Республикасының қатысты заң-ережелеріне бойсынып,торапта мөралды болыңыз, сіздің әрекетіңіз себебінен тікелей немесе жанамалай туындаған заңдық жауапкершілікті өзіңіз арқалайсыз.
    2.Қалам атыңыз бен жазған лебізіңізді басқарудың барлық ұқығы Халық Торабына тән.
    3.Халық Торабының сіздің Халық Торабының лебіз жазу бетіне жазған лебізіңізді торап ішінде көшіру немесе лебізіңізден ситат келтіру ұқығы бар.
    4.Егер басқару жағына пікіріңіз болса,лебіз жазу бетінің басқарушысына немесе Халық Газеті Мекемесінің Торап Орталығына аңыс етіңіз.